Меню

Страницы

Статья

«№ 26 мектеп-балабақшасы» КММ аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 26 мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 03 ақпандағы №10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 26 мектеп-балабақшасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейінгі  қызмет кезеңіндегі тиімділігі мен сәйкестігіне аудит жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында Мекеме бюджет қаражатын пайдалану кезінде ең көп бұзушылықтарға жол бергені анықталды: бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ерекшеліктер сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; іссапар шығыстарын негізсіз өтеген; тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдамаған; негізгі құралдар мен қорлардың жетіспеушілігі; мердігерлердің жұмысты тиісінше орындамауы; еңбек ақыны негізсіз есептеген және аударған; еңбек ақыны дұрыс төлемеген; жалдаушылар коммуналдық қызметтер үшін төлем жүргізбеген; бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бойынша бұзушылықтарға жол берілгенін және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын өнім жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбегенін атап өткен жөн.

Мекеме тарапынан жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері Мекеме қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жеткіліксіз білуінің және Мекеме басшылығы тарапынан бақылаудың әлсіздігінің, сондай-ақ ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы салдарынан болды.

 

 

Дата публикации
07 апреля 2023
Дата обновления
07 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы