«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 03 ақпандағы №10-ө өкімімен бекітілген 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейінгі қызмет кезеңіндегі тиімділігі мен сәйкестігіне аудит жүргізді.
Аудиторлық іс-шара барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: бюджет қаражатын игеру мақсатында Мекеме ерекшеліктер сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ауыстыруды жүргізген; азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша бұзушылықтарға жол берген, жалдаушылар коммуналдық қызметтер үшін төлем жүргізбеген, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдамаған, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзуға жол берген.
Анықталған бұзушылықтардың себептері қолданыстағы бюджет және өзге де заңнаманы жеткіліксіз білуі, аудит объектісінің лауазымды адамдары тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражатының жұмсалуына жеткіліксіз бақылау, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болды.