Меню

Страницы

Статья

Солтүстік-Қазақстан облысының 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 83 003,1 млн. теңге сомасына қолданыстағы бағамен өнім шығарды, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 17,2% - ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (78,9%) 2023 жылғы қаңтарда-ақпанда 65 483,7 млн.теңгеге немесе 2022 жылғы қаңтардағы-ақпандағы деңгейден 25% - ға жоғары өнім өндірілді.

2023 жылғы қаңтарда-ақпанда тамақ өнімдерін өндіру 42 944,3 млн. теңгені құрады, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 76,6% - ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,5% алып жатқан машина жасау саласында 11 475 млн. теңге сомаға өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2022 жылғы қаңтардағы-ақпандағы көлемнен 28,4% - ға артық.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 097,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 1 236,7 млн. теңгеге шығарылды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 23,3%-ға артық.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы көлем 13 479,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға-ақпанға қарай 96,6% құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы-ақпандағы көлемі 3092,2 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға-ақпанға қарай 109,7% - құрады.

ИБК (бұрынғы – ИИДМБ) үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 141 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2023 жылғы қаңтардағы-ақпандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 32 702,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтардағы-ақпандағы деңгейіне 104,1%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 18,9 мың тоннаны немесе 2022 жылғы қаңтардағы-ақпвндағы 105,6% құрады.

Сүт –

47,9

мың тонна

(108,8%);

Жұмыртқа –

86,9

млн. дана

(85,7%).    

2023 ж. 01.03. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

ІҚМ -

477,1

мың бас

(104,1%);

 

с.і. сиыр -

230,9

мың бас

(104,1%);

 

қой -

439

мың бас

(103,5%);

 

ешкі -

16

мың бас

(105,2%);

 

жылқы -

150,9

мың бас

(106,5%);

 

шошқа -

214,7

мың бас

(99,7%);

 

құс -

4 257,9

мың бас

(107%).

 

Кәсіпкерлік. 2023 жылғы 1 наурызға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 33 895 бірлікті құрады.

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 618,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,7 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 366,4 млн. АҚШ доллары (1,5 есеге ұлғаю), импорт – 252,3 млн. АҚШ доллары (2,0 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 114,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 28,3%), Қытай (9,7%), Өзбекстан (23,1%), Польша (5,7%), Бельгия (7,2%).

Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 95,6%-ы немесе 350,4 млн. АҚШ доллары.

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 13,1%), Германия (41,5%), Украина (2,9%), Түркия (5,3%), АҚШ (3,4%).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 74,9%-ы немесе 189,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,9 %-ы немесе 25,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (6,0 %-ы немесе 15,3 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,2%-ы немесе 10,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар- желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 571,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 10,3%-ға артық, соның ішінде импорт – 465,8 млн. АҚШ доллары (5,1%-ға артық), экспорт – 105,4 млн. АҚШ доллары (1,4 есе ұлғайту).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 30 825,9 млн. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас кезеңге 113,4% құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 57,9%), кредиттері (1,1%) және басқа қарыздық қаражат (35,3%) табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қоймалау (7,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (8,2%), өнеркәсіп (19,9%).

Тұрғын үй құрылысы. 2023 жылы тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9775 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,9%-ды құрайды.

Сумен жабдықтау. «Күшті өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылы көзделгені:

- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 5 076,6 млн. теңге (РБ - 4 994,7 млн. теңге, ЖБ-81,9 млн. теңге). Күнтізбелік жоспар бойынша қаңтар-ақпанға қаражат қарастырылмаған.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға – 3 472,7 млн.теңге. Игеру - 508,6 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).

Сумен жабдықтау бойынша «Ауыл-ел бесігі»шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға -1 368,2 млн. теңге (РБ - 1 198,7 млн. теңге, ЖБ - 169,5 млн. теңге). Күнтізбелік жоспар бойынша қаңтар-ақпанға қаражат қарастырылмаған.

2023 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалар жоқ.

2023 жылы облыс бойынша сумен жабдықтауға және су бұруға алдын ала 10 млрд.теңге көзделген. Халық саны 16 мың адамды құрайтын 22 АЕМ жұмыстармен қамтылатын болады. 250 шақырымға жуық су құбыры желілері салынып, жөнделеді. Жыл соңына қарай ауыл тұрғындарының қамтылуы 97,9%-ды құрайды.

Әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы қантар-ақпанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 5106 адамды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 130,3%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8 пайызды құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес деңгейде 0,5%-ға жоғары.

2023 жылғы 1 наурызда 1226 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 3713 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 1280 адам жіберілді.

2023 жылғы 1 наурызда 3891 азаматқа 53,7 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

«Денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 15 млрд. 908,2 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы 1 наурыз жоспарындағы 464,2 млн.теңгеден 464,2 млн. теңге немесе 100 % игерілді, оның ішінде:

- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 242,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 242,8 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 5 млрд. 73,5 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 73,5 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;

- 2023 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 5 909,7 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:

Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу - 406 млн.теңге. 2023 жылғы 1 наурызға жоспар 51,2 млн.теңге, қаражат толығымен игерілді.

Петропавл қаласында («Жас Өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 300 млн.теңге.

Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 3 495,2 млн.теңге.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 759 млн.теңге.

Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 530 млн.теңге.

Қызылжар ауданы Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу – 419,5 млн.теңге.

«Білім». Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 384 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.

 2022-2023 оқу жылының басында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің желісі 465 бірлікті құрайды.

«Білім» саласына 2023 жылға 146 021,9 млн. теңге қарастырылды.

2023ж.01.03 жоспардағы 17993 млн.теңгеден игерілу 17981,1 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.

Барлығы 2023 жылға білім беру объектілерін дамытуға 11 201,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 2262,4 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 130 млн.теңгеден игерілу 100%-ды құрады.

ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:

- «Копай» ықшам ауданында 1200 орындық мектеп салу – 2465,0 млн. теңге.

- «Орман» ықшам ауданында 300 орындық мектеп салу – 1719,4 млн. теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

– Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орынға арналған мектеп салу (қосымша) – 300,0 млн. теңге.

- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орынға арналған мектеп салу – 510,6 млн. теңге. 2023 жылғы 1 наурыздаға жоспар 43 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 237,1 млн. теңге.

- Есіл ауданы Явленка ауылындағы балалар демалыс орталығы ретінде әкімшілік ғимаратты реконструкциялау – 131 млн. теңге.

-Петропавл қаласы Пушкин көшесі, 86 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) – 153,4 млн. теңге. 2023 жылғы 1 наурыздаға жоспар 58,4 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

- СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан «Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ" ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 321,0 млн. теңге.

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу – 3101,4 млн. теңге.

Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 5425,6 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 11,3 млн. теңгеден 11,3 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Мектептер саны

472

465

98,5%

Қосымша

Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2021 жыл

2022 жыл

Қаңтар-ақпан

2023 ж. 2022 ж. %

2022
жыл

2023 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

105,5

110,7

17,9

18,9

105,6

Сүт

мың тонна

635,2

647,8

44,0

47,9

108,8

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

553,2

705,7

101,4

86,9

85,7

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Дата публикации
24 марта 2023
Дата обновления
25 мая 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы