Өнеркәсіп. 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 38 872.2 млн. теңге сомасына қолданыстағы бағамен өнім шығарды, бұл 2022 жылғы қаңтар деңгейінен 12,3% - ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (77,5%) 2023 жылғы қаңтарда 30 142,8 млн.теңгеге немесе 2022 жылғы қаңтардағы деңгейден 21,9% - ға жоғары өнім өндірілді.

2023 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерін өндіру 20 287,6 млн. теңгені құрады, етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 70% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 15,3% -. алып жатқан машина жасау саласында 4 601,3 млн. теңге сомаға өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2022 жылғы қаңтардағы көлемнен 12,3% - ға артық.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 336,3 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 591,6 млн. теңгеге шығарылды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңінен 39,4% - ға артық.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы көлем 7 154,7 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға қарай 95,6% -. құрады.
Сумен жабдықтау саласында 2023 жылғы қаңтардағы көлемі 1 299 млн. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтарға қарай 94,7% - құрады.
ИБК (бұрынғы – ИИДМБ) үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 141 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылғы қаңтардағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 18 177 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтардағы деңгейіне 102,7%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 11,7 мың тоннаны немесе 2022 жылғы қаңтардағы 103,7% құрады.
|
Сүт – |
22,6 |
мың тонна |
(109,5%); |
|
Жұмыртқа – |
45,1 |
млн. дана |
(82%). |
2023 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ - |
428,6 |
мың бас |
(104,2%); |
|
|
с.і. сиыр - |
218,2 |
мың бас |
(104,0%); |
|
|
қой - |
439 |
мың бас |
(103,5%); |
|
|
ешкі - |
16 |
мың бас |
(105,2%); |
|
|
жылқы - |
151,5 |
мың бас |
(106,2%); |
|
|
шошқа - |
212,3 |
мың бас |
(100,7%); |
|
|
құс - |
4 189,5 |
мың бас |
(103,8%). |
|
Кәсіпкерлік. 2023 жылғы 1 ақпанға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 33 465 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 618,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,7 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 366,4 млн. АҚШ доллары (1,5 есеге ұлғаю), импорт – 252,3 млн. АҚШ доллары (2,0 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 114,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 28,3%), Қытай (9,7%), Өзбекстан (23,1%), Польша (5,7%), Бельгия (7,2%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 95,6%-ы немесе 350,4 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 13,1%), Германия (41,5%), Украина (2,9%), Түркия (5,3%), АҚШ (3,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 74,9%-ы немесе 189,0 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (9,9 %-ы немесе 25,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (6,0 %-ы немесе 15,3 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,2%-ы немесе 10,6 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар- желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 571,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 10,3%-ға артық, соның ішінде импорт – 465,8 млн. АҚШ доллары (5,1%-ға артық), экспорт – 105,4 млн. АҚШ доллары (1,4 есе ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2023 жылғы қаңтарда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 17 389,5 млн. теңгені немесе 2022 жылғы ұқсас кезеңге 125,9% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 53,1%), кредиттері (0,9%) және басқа қарыздық қаражат (46%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (56,1%), көлік және қоймалау (9,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (1,9%), өнеркәсіп (30,8%).
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (26%).
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс аумағында тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1892 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5%-ды құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй - коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы:
- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 8 610,7 млн. теңге (РБ – 8 288,5 млн. теңге, ЖБ – 322,2 млн. теңге) көзделген. Игеру – 8 429,5 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 98%).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 3 477,4 млн.теңге. Игеру – 3 477,4 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша - 0 млн. теңге.
Сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 472,7 млн. теңге бөлінді. Игеру – 472,7 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
2023 жылы облыс бойынша сумен жабдықтауға және су бұруға алдын ала 10 млрд.теңге көзделген. Халық саны 16 мың адамды құрайтын 22 АЕМ жұмыстармен қамтылатын болады.
Әлеуметтік қорғау. 2023 жылғы қантарда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4227 адамды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,5 пайызды құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес деңгейде 0,3%-ға жоғары.
2023 жылғы 1 ақпанда 508 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1932 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 873 адам жіберілді.
2023 жылғы 1 ақпанда 3733 азаматқа 51,5 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Денсаулық сақтау» «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 10 млрд. 704,4 млн. теңгені құрады, 2023 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 44,9 млн.теңгеден 44,8 млн. теңге немесе 99,8 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 242,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 242,8 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар –5 млрд. 73,5 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 73,5 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;
- 2023 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 706 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 406,0 млн.теңге;
Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу – 300,0 млн.теңге.
«Білім». Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 384 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
2022-2023 оқу жылының басында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің желісі 465 бірлікті құрайды.
«Білім» саласына 2023 жылға 146021,9 млн. теңге қарастырылды.
2023ж.01.02 жоспардағы 8263,5 млн.теңгеден игерілу 8255,9 млн.теңгені немесе 99,9% құрады.
Барлығы 2023 жылға білім беру объектілерін дамытуға 11 201,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 2262,4 млн. теңге.
ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен:
- «Копай» ықшам ауданында 1200 орындық мектеп салу – 2465,0 млн. теңге.
- «Орман» ықшам ауданында 300 орындық мектеп салу – 1719,4 млн. теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
– Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орынға арналған мектеп салу (қосымша) – 300,0 млн. теңге.
- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орынға арналған мектеп салу – 510,6 млн. теңге.
- Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 237,1 млн. теңге.
- Есіл ауданы Явленка ауылындағы балалар демалыс орталығы ретінде әкімшілік ғимаратты реконструкциялау – 131 млн. теңге.
-Петропавл қаласы Пушкин көшесі, 86 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) – 153,4 млн. теңге.
- СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан «Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ" ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 321,0 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Kozybaev University Teaching and research center» оқу-зертханалық корпусын салу – 3101,4 млн. теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 5290,8 млн. теңге бөлінді.
|
Мектептер саны |
472 |
465 |
98,5% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2020 жыл |
2021 жыл |
қаңтар-желтоқсан |
2022 ж. 2021 ж. % |
|
|
2021 жыл |
2022 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
104 |
105,5 |
105,5 |
110,7 |
104,9 |
|
Сүт |
мың тонна |
597,8 |
635,2 |
635,2 |
647,8 |
102,0 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
558,4 |
553,2 |
553,2 |
705,7 |
127,6 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2023 жылғы қаңтар айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі
