2023 жылдың 3 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы № 24 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының отырысы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидатты тіркеу мәселесі қаралды.
Округтік сайлау комиссиясытүскен құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 89 бабына сәйкестігін тексеріп, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша № 24 бірмандаттық округі бойынша кандидат ретінде тіркеді:
Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағанбетұлы, 1962 жылы туған, Петропавл қаласында тұрады, «Мәмбетов және К» КС бас директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.