Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру биліктің уәкілетті органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқына жанқиярлықпен және патриоттық сезіммен қызмет етуі және өздерінің кәсіби міндеттерін адал орындауы негіз болып табылады. Бұған дейін атап өткендей, әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық, заңға мойынсұнушылық, сыйпайылық, әділдік сияқты оң қасиеттерін және басқа да жағымды қасиеттерін атап өтуі тиіс.
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Google әлеуметтік желілер платформасында мемлекеттік қызметшілерді мінсіз қызмет істерінде одан әрі ынталандыру және олардың оң имиджін қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында және облыс әкімдігінің барлық басқармаларында ұжымда анонимді дауыс беру арқылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына конкурс өткізілді.
17 қаңтар күні облыс әкімі аппаратында көшбасшылардың салтанатты шеруі өтті. «Ең жылы шырайлы (самый привектливый) мемлекеттік қызметші» номинациясында – бас маман Жанна Бейсембекқызы Ғаббасова! «Ең атқарушы және жауапты» номинациясында – бас маман Айнұр Ақжанқызы Сәлжанова! «Ең позитивті және әдепті мемлекеттік қызметші» номинациясында – персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Жанар Асубайқызы Шоткина жеңіске жетті! «Ең сыпайы», «Өз кәсібіндегі ең сауатты» номинацияларында жеңіске жеткен және 2023 жылдың қатар айында «Ең үздік мемлекеттік қызметші» атанған бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлмінің басшысы Жазира Ерсайынқызы Оспанова болды!
Облыс басқармаларында жеңімпаздар: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында – Ризаханов Бейбіт; ішкі саясат басқармасында – Жүсіпов Қанат, Жолмұқанова Жангүл, Әбіл Ерлан (бірдей ұпай); денсаулық сақтау басқармасында – Сәрсенов К.А.; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында - Рудаков Алексей Александрович; білім басқармасында – Черных Валентина Анатольевна; кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында - Қазбеков Бейбут Орманұлы; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында – Лабанчук В.А.; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында – Тұтқабаева Гүлмира, Тоқжігітов Бахтияр, Прудченко Анна; ветеринария басқармасында – Тасболатов Нариман Мәлікұлы; қаржы басқармасында – Сюзева Светлана Сергеевна, Дайырова Жанна Ерғалиевна; экономика басқармасында – Түнғатаров Дәмір, Рябуха Ольга, Жұланова Диана; дене шынықтыру және спорт басқармасында – Қасен Марлен Нартайұлы, Әуғалиева Әлия Қонышқызы; энергетика және ТҮКШ басқармасында - Кадырова Альфия Сейтахметовна; мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында - Бүркітәлімова Динара Өмрбайқызы; мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында – Мурзаканова Г.М.; мемлекеттік сатып алу басқармасында - Ищанова Әсел Көшербайқызы; цифрлы технологиялар басқармасында - Нурызбаева Ляйля, Токбаев Нұржан, Мигачева Юлия; дін істері басқармасында – Мейманова Салтанат Оразбекқызы; жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында – Тенизова Д.; құрылыс басқармасында – Мустафин Амантай Қанатұлы.
Қазіргі күнде басқармаларда жеңімпаздарды өз құзырында марапаттау шаралары өтіп жатыр.
Мемлекеттік қызметшілерінің оң имиджі халық тарапынан мемлекет аппаратының қызметіне оң баға беріп қана қоймай, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық нормалары туралы түсінігін қалыптастыра отырып, қызметін одан әрі жетілдіру үшін ынталандыра және реттей отыра, оның жеке басына да әсер етеді.