Елге мінсіз қызмет ету – мәртебелі және жауапты міндет
Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру биліктің уәкілетті органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқына жанқиярлықпен және патриоттық сезіммен қызмет етуі және өздерінің кәсіби міндеттерін адал орындауы негіз болып табылады. Бұған дейін атап өткендей, әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық, заңға мойынсұнушылық, сыйпайылық, әділдік сияқты оң қасиеттерін және басқа да жағымды қасиеттерін атап өтуі тиіс.
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Google әлеуметтік желілер платформасында мемлекеттік қызметшілерді мінсіз қызмет істерінде одан әрі ынталандыру және олардың оң имиджін қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында және облыс әкімдігінің барлық басқармаларында ұжымда анонимді дауыс беру арқылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына конкурс өткізілді.
17 қаңтар күні облыс әкімі аппаратында көшбасшылардың салтанатты шеруі өтті. «Ең жылы шырайлы (самый привектливый) мемлекеттік қызметші» номинациясында – бас маман Жанна Бейсембекқызы Ғаббасова! «Ең атқарушы және жауапты» номинациясында – бас маман Айнұр Ақжанқызы Сәлжанова! «Ең позитивті және әдепті мемлекеттік қызметші» номинациясында – персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Жанар Асубайқызы Шоткина жеңіске жетті! «Ең сыпайы», «Өз кәсібіндегі ең сауатты» номинацияларында жеңіске жеткен және 2023 жылдың қатар айында «Ең үздік мемлекеттік қызметші» атанған бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлмінің басшысы Жазира Ерсайынқызы Оспанова болды!
Облыс басқармаларында жеңімпаздар: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында – Ризаханов Бейбіт; ішкі саясат басқармасында – Жүсіпов Қанат, Жолмұқанова Жангүл, Әбіл Ерлан (бірдей ұпай); денсаулық сақтау басқармасында – Сәрсенов К.А.; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында - Рудаков Алексей Александрович; білім басқармасында – Черных Валентина Анатольевна; кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында - Қазбеков Бейбут Орманұлы; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында – Лабанчук В.А.; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында – Тұтқабаева Гүлмира, Тоқжігітов Бахтияр, Прудченко Анна; ветеринария басқармасында – Тасболатов Нариман Мәлікұлы; қаржы басқармасында – Сюзева Светлана Сергеевна, Дайырова Жанна Ерғалиевна; экономика басқармасында – Түнғатаров Дәмір, Рябуха Ольга, Жұланова Диана; дене шынықтыру және спорт басқармасында – Қасен Марлен Нартайұлы, Әуғалиева Әлия Қонышқызы; энергетика және ТҮКШ басқармасында - Кадырова Альфия Сейтахметовна; мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында - Бүркітәлімова Динара Өмрбайқызы; мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында – Мурзаканова Г.М.; мемлекеттік сатып алу басқармасында - Ищанова Әсел Көшербайқызы; цифрлы технологиялар басқармасында - Нурызбаева Ляйля, Токбаев Нұржан, Мигачева Юлия; дін істері басқармасында – Мейманова Салтанат Оразбекқызы; жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында – Тенизова Д.; құрылыс басқармасында – Мустафин Амантай Қанатұлы.
Қазіргі күнде басқармаларда жеңімпаздарды өз құзырында марапаттау шаралары өтіп жатыр.
Мемлекеттік қызметшілерінің оң имиджі халық тарапынан мемлекет аппаратының қызметіне оң баға беріп қана қоймай, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық нормалары туралы түсінігін қалыптастыра отырып, қызметін одан әрі жетілдіру үшін ынталандыра және реттей отыра, оның жеке басына да әсер етеді.
Мемлекеттік қызметтің имиджі мен беделін көтеру тақырыбын жалғасытыра отырып, өздерінің әділ және парасатты еңбегімен айрықша көзге түсіп жүрген қызметкерлер туралы айта кетпекшімін.
Үкімет пен қоғам мемлекеттік қызметшілердің имиджі мен мәртебесін арттыру, оның оң имиджін қалыптастыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі назар аударуда. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен де тығыз байланысты. Әр ұйымда, мекемеде, кәсіпорында, жеке компанияларда көптеген адал, парасатты, заңға бағынатын, әділ қызметкерлер жұмыс істейді. Қоғам мен мемлекет өз дамуында прогреске жету жолында әрқашан өз қоғамының осындай мүшелеріне көбірек сүйенеді.
Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы, бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне байланысты.
Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысы Жазира Ерсайынқызы Оспанова туралы және осы бөлімінің қызметкерлері туралы айтпақшымын. Жазира Ерсайынқызы жергілікті атқарушы мекемелерде 24 жылдан бері, соның ішінде 19 жыл мемлекеттік қызметте, 2014 жылдан бөлім басшысы лауазымында мінсіз адал қызмет етіп келеді.
Бұл бөлімде ұзақ жылдардан бері мінсіз еңбек жасап жатқан бас мамандар Бибігүл Сайлаубекқызы Құлымованы, Бақытгүл Марланқызы Нұрахметованы, Айнұр Ақжанқызы Сәлжанова.
Атап айтқанда, Бибігүл Сайлаубекқызы 1998 жылдан бастап облыс әкімі аппаратында қажымай мінсіз қызмет етіп келе жатыр, оның мемлекеттік қызметі 26 жыл. Бақытгүл Марланқызының да мемлекеттік қызметте аянбай адал еңбек етіп жатқанына 20 жылдың көлемі болды. Айнұр Ақжанқызы әріптестерімен қатарлас 15 жылға жуық талмай еңбек етіп келеді. Жоғарыда аталған қызметкерлерді бірлестіретін жағдайлар - олардың берген тапсырманы орындаушылық қасиеті және өздерінің функционалдық міндеттеріне деген адалдығы, ізденімпаздығы біліктілігінің деңгейін айғақтайды. Олар қызмет барысында өздерін еңбекқор, өз ісіне адал, тәжірибелі, еңбек етіп жатқан жас әріптестеріне үлгілі қызметкер ретінде танытады.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде 2020 жылдан бастап облыс әкімінің аппаратында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау бойынша анонимді сауалнама жүргіземін. Осы үш жылдың ішінде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал оң. Бұл 2023 жылы қойылған міндеттерді шешуге облыс әкімі аппараты дайындық индикаторының жақсы көрсеткіші болып табылады.
СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
С.Серікбаев