Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын.
Ел бюджеті екі негізгі мақсатқа – экономиканы дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағдарлануы тиіс.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Меншікті кіріс бойынша жоспар 96 810,9 млн.теңге сомада немесе 112,9% атқарылды (жоспар – 85 719,7 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаменті есепке алатын салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 77 092,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет жоспары 36 976,3 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. – 40 116,0 млн. теңге. Нақты есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 86 450,0 млн.теңге немесе 112,1%, оның ішінде облыстық бюджетке 43 129,3 млн. теңге немесе 116,6%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне 43 320,7 млн. теңге немесе 108,0% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 315 112,3 млн.теңге сомада немесе 100% түсті.
Білім беру саласы бойынша шығыстар 2022 жылы 126 278,2 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,3% (жоспар – 127 198,6 млн. теңге).
Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 9 400,9 млн. теңгеден игерілу 8 522,2 млн. теңгені немесе 90,7% құрады.
Күрделі жөндеуге 2 511,6 млн. теңге бағытталды, игерілу 2 477,2 млн. теңгені немесе 98,6% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1 691,7 млн. теңге бағытталды, жоспардың игерілуі 99,7 пайызды құрады (жоспар 1 696 млн. теңге).
1-кесте
Денсаулық сақтау бойынша 2022 жылғы 1 қантардағы шығыстар 10 914,9 млн. теңгені (2-кестеге сәйкес) немесе 90,1 % (жоспар 12 110,7 млн. теңге) құрады.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 3 142,3 млн. теңгеден игерілуі 2 782,9 млн.теңгені немесе 88,6% құрады.
Күрделі жөндеуге жоспардағы 289,7 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспардағы 4 617,9 млн. теңгеден игерілуі 3 785,7 млн.теңгені немесе 82% құрады.
2-кесте
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 15 014,6 млн. теңгені немесе жоспардың 99,9 % құрады (жоспар 15 036,5 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 29,4 млн. теңге бағытталды, жоспар 100 пайызға игерілді (жоспар 29,4 млн.теңге).
3-кесте
Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 11 562,0 млн. теңгеден 11 524,8 млн. теңгені немесе 99,7% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 54,2 млн.теңге немесе жоспардың 100,0% бағытталды (жоспар 54,2 млн.теңге).
4-кесте
Спорт бойынша жоспардағы 10 409,6 млн.теңгеден 10409,2 млн.теңге немесе 99,9% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 269,4 млн.теңге сомада қаражат бағытталды (жоспар 269,4 млн.теңге немесе 100,0%).
5-кесте
Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында жалдамалы-коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы тұрғын үй салуға шығыстар 21 525,7 млн. теңгені құрады (жоспар 21 837,8 млн. теңге немесе 98,6%), оның ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен 4 510,6 млн. теңге, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 1 636,7 млн. теңге бағытталды.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2023ж.01.01 жоспарындағы 8 677,1 млн. теңгеден 8 492,8 млн. теңге немесе 97,9% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 2022 жылға арналған жоспардағы 22 132,9 млн. теңгеден игерілу 21 753,7 млн.теңгені немесе 98,3% құрады.