2021 жыл қараша айы халеті бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды.
2021 жыл 15 қараша
Ұжымдағы қолайлы және оң ниетті моральдық-психологиялық ахуал жетістіктер мен қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізі болып табылады. Ұжымда мұндай ахуалды қалыптастыру тек мемлекеттік орган басшысы мен оның орынбасарларының ғана емес, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесінің, соның ішінде еңбек шарты бойынша қызмет ететін қызметкерлердіңде міндеті болып табылады.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мемлекеттік органдарының көбінде оң және қанағаттанарлық моральдық-психологиялық ахуалы қалыптасқан.
Талдау нәтижелеріне сәйкес өте жақсы ахуал (кемуіне қарай) Дін, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Мемлекеттік сатып алу, Қаржы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және мемлекеттік бағдарламалар, Мемлекеттік еңбек инспекциясы, МСҚБ және Ветеринария басқармаларында байқалады.
Сонымен қатар, Ауыл шарушылығы және жер қатынастары басқармасындағы талдау нәтижесі ұжымдағы қанағаттанарлықсыз моральдық-психологиялық ахуалды көрсетті (талдау мен ұсынымдар қоса беріледі).
Келесі Басқармаларда ұжымда жекелеген бағыттар бойынша, атап айтқанда қызметкерлер арасында жүктемені дұрыс бөлмеу; функционалдық міндеттерінен тыс істерді тапсыру; тиісті бұйрықсыз демалыс және мереке күндері жұмыс беру; жұмыс күндері 18.30-дан кейін жұмыс орнында кідіру сияқты моральдық-психологиялық жағдайды жақсарту жөнінде мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Әйтсе де, бұл басқармалардағы жалпы моральдық-психологиялық ахуал қанағаттанарлық болып танылды.
Айта кеткенде, Экономика басқармасының басшылығы талдаудың 5, 8, 9, 14, 15-тармақтары бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі).
Энергетика және ТКШ басқармасының басшылығы талдаудың 8, 9, 12, 14 және 15-тармақтары бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі). Бұл жердегі айта кететін жағдай, бірінші жарты жылдықтың талдау қорытындысы бойынша сауалнаманың ұқсас критерийлері бойынша кемшіліктер көрсетілгенін еске саламыз. Сәйкесінше, басқармада жүктемені дұрыс бөлмеу; функционалдық міндеттерінен тыс істер беру; тиісті бұйрықсыз демалыс және мереке күндері жұмыс беру; жұмыс және басқа күндері 18.30-дан кейін жұмыс орнында кідіру жүйелі сипатқа ие.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы талдаудың 5, 8, 9 және 14-тармақтары бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі).
Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығы талдаудың 8, 9, 14 және 15-тармақтары бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі).
Білім басқармасының басшылығы талдаудың 8 және 9-тармақтары бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі).
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы талдаудың 8-тармағы бойынша жағдайды түзету шараларын қабылдауы қажет (талдау қоса беріледі).
Барлық көрсетілген басқармалардан ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту жөнінде, сондай-ақ әзірленген ұсынымдарды орындау бойынша тиісті жұмыс жүргізулері тиіс. Усынымдар тиісті органдарга жіберілді.