Облыс әкімі аппаратының үлгілі қызметкерлері
Қазіргі уақытта үкімет пен қоғам мемлекеттік қызметшілердің имиджі мен мәртебесін арттыру, оның оң имиджін қалыптастыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі назар аударуда. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен де тығыз байланысты. Әр ұйымда, мекемеде, кәсіпорында, жеке компанияларда көптеген адал, парасатты, заңға бағынатын, әділ қызметкерлер жұмыс істейді. Қоғам мен мемлекет өз дамуында прогреске жету жолында әрқашан өз қоғамының осындай мүшелеріне көбірек сүйенеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде бекітілген функционалдық міндеттерден басқа, Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің күнделікті қызметінде және әріптестерімен қарым-қатынасында мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық, заңға мойынсұнушылық, сыпайылық, әділдік, орындаушылық сияқты және басқа да жағымды қасиеттерін байқап, атап өтуге тиіс. Бұл қызметшілерді одан әрі өзін-өзі жетілдіруге және өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындауға ынталандыру үшін қажет. Сайып келгенде мемлекеттік қызмет пен жалпы мемлекеттік биліктің имиджі мен беделін көтеру.
Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы, бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне байланысты.
Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысы Жазира Ерсайынқызы Оспанова туралы және осы бөлімінің қызметкерлері туралы айтпақшымын. Жазира Ерсайынқызы жергілікті атқарушы мекемелерде 24 жылдан бері, соның ішінде 19 жыл мемлекеттік қызметте, 2014 жылдан бөлім басшысы лауазымында мінсіз адал қызмет етіп келеді.
Бұл бөлімде ұзақ жылдардан бері мінсіз еңбек жасап жатқан бас мамандар Бибігүл Сайлаубекқызы Құлымованы, Бақытгүл Марланқызы Нұрахметованы, Айнұр Ақжанқызы Сәлжанова.
Атап айтқанда, Бибігүл Сайлаубекқызы 1998 жылдан бастап облыс әкімі аппаратында қажымай мінсіз қызмет етіп келе жатыр, оның мемлекеттік қызметі 26 жыл. Бақытгүл Марланқызының да мемлекеттік қызметте аянбай адал еңбек етіп жатқанына 20 жылдың көлемі болды. Айнұр Ақжанқызы әріптестерімен қатарлас 15 жылға жуық талмай еңбек етіп келеді. Жоғарыда аталған қызметкерлерді бірлестіретін жағдайлар - олардың берген тапсырманы орындаушылық қасиеті және өздерінің функционалдық міндеттеріне деген адалдығы, ізденімпаздығы біліктілігінің деңгейін айғақтайды. Олар қызмет барысында өздерін еңбекқор, өз ісіне адал, тәжірибелі, еңбек етіп жатқан жас әріптестеріне үлгілі қызметкер ретінде танытады.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде 2020 жылдан бастап облыс әкімінің аппаратында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау бойынша анонимді сауалнама жүргіземін. Осы үш жылдың ішінде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал оң. Бұл 2023 жылы қойылған міндеттерді шешуге облыс әкімі аппараты дайындық индикаторының жақсы көрсеткіші болып табылады.
Серiкбаев Сейiлхан
облыс әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi уәкiлi