Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі 2022 жылғы комиссияның жұмыс туралы ақпарат

1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырыстары:

2022.29.03.

«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау туралы. Кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары туралы кәсіпкер әйелдерді, оның ішінде ауылдық әйелдерді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы».

2022.24.06.

«Ақсақалдар, әкелер, аналар кеңестерін, волонтерлер ұйымдарын балалар мен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі қызметке тарту туралы».

«Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру шеңберінде отбасылық құндылықтарды ілгерілету туралы».

«Балаларды, жасөспірімдерді және жастарды (тәуекел тобындағы) спорт секцияларымен, бұқаралық спорт түрлерімен олардың тұрғылықты жері бойынша аула және спорт клубтарының санын ұлғайту арқылы қамту жөніндегі жұмыс туралы».

2022.15.09.

«Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы»;

«Көп балалы аналарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы»;

«Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдерінің қызметі туралы»

2022.11.10.

«Отбасы институтын нығайту мәселелері туралы».

«Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру туралы».

«Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық әйелдерінің проблемалық мәселелері туралы»

2022.22.11.

«Республикалық ауыл әйелдері форумының қорытындысы туралы».

«Халықаралық ғылыми конференцияның қорытындылары туралы».

2022.27.12.

«Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы».

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар туралы».

2. Алдын алу шаралары

8 маусымнан 8 шілдеге дейін –ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Е.А. Семдоцкий, Аналар кеңесінің төрағасы К. К. Смайылова, «Томирис» гендерлік білім беру орталығы» ҚБ төрағасы, «Smart PEOPLE» бизнес-мектептің басшысы Н.Т. Болатова,  -  «Daryn.Online» республикалық білім беру платформасының директоры,  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы медиация кабинетінің басшысы Г. Н. Мұсабаева құрамында облыс аудандарына шықты.

8 маусым – Айыртау ауданы (қамту – 35 әйел)

14 маусым – Ақжар ауданы (қамту – 20 әйел)

8 маусым – Ғабит Мүсірепов атындағы аудан (қамту – 25 әйел)

27 маусым – Аққайың ауданы (қамту – 30 әйел)

18 шілде – Тимирязев ауданы (қамту – 25 әйел)

7 шілде – Шал ақын ауданы (қамту – 30 әйел)

7 шілде – Е іл ауданы (қамту – 30 әйел)

27 маусым – Тайынша ауданы (қамту – 28 әйел)

14 маусым – Уәлиханов ауданы  (қамту – 23 әйел)

25 шілде  - Жамбыл ауданы (қамту – 35 әйел)

25 шілде – Мағжан Жұмабаев ауданы (қамту – 20 әйел)

18 шілде – Мамлют ауданы (қамту – 35 әйел)

16 маусым – Қызылжар ауданы (қамту – 35 әйел)

11 қазан – аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшыларына арналған семинар. Ұсыныстар берілді.

1 қараша – «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі-экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға жол» республикалық мерейтойлық форумға ауыл әйелдерінің қатысуы (Астана қ.).

01 қараша – Қазақстан Республикасындағы балалар жылы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының «Шуақты әлем» облыстық фестивалі ұйымдастырылды.

17-18 қараша – Комиссия мүшелерінің «Қазақстанның дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясына қатысуы (Астана қ.).

25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін – «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы іс-шаралар:

01 желтоқсан – Қызылжар және Мамлют аудандарындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша психологиялық тренинг (жаттықтырушы-коуч, кәсіби медиатор Г. Н. Мұсабаева).

2 желтоқсан – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. В. Смышляеваның, Солтүстік Қазақстан облысының табысты әйелдерінің қатысуымен өткен әйелдер форумына қатысу.

5 желтоқсан – Абылай хан резиденциясы ғимаратында кеңейтілген Аналар кеңесінің бірлескен отырысы.

25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін – «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына қатысу

7-8 желтоқсан – қолайсыз отбасыларда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау жөніндегі профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде отбасындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында баспанада уақытша орналасу мүмкіндігін түсіндіру.

9 желтоқсан – «Достық молл» СОО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

27 қараша – кәсіпкер әйелдерге арналған «Жеке бренд құру» тренингі ұйымдастырылды. ЖБ құру және дамыту көп уақытты, күш пен салымды қажет етеді. Біздің курсты тыңдағаннан кейін тренингке қатысушылар осы кезеңдерден тезірек өтеді және ықтимал қателіктерден аулақ болады. ЖБ аты, беделі, сараптамалығы үшін көбірек төлеуге дайын клиенттерді тартуға көмектеседі. Әйелдерді оқыту арқылы біз оларға сол  уақыт ішінде басқа шығындармен көбірек ақша табуға көмектесеміз.

3 желтоқсан – кәсіпкер әйелдерге арналған «Жеке бренд құру» атты постренингтік кездесу ұйымдастырылды.

28 желтоқсан – облыстық филармонияда мүгедектігі бар балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңа жылдық ертегі ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. 120-дан астам бала қамтылды.

Дата публикации
30 декабря 2022
Дата обновления
30 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы