Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 4-тоқсанына ішкі бақылау бойынша есепке аналитикалық жазба

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, 2022 жылғы 29 қарашадағы өзгерістермен мемлекеттік қызметтердің 178 түрі (301 мемлекеттік қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.  

Бақылау шаралары 

Ағымдағы тоқсанда, бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 55 БШ  өткізілді. 

Объектілер саны 55 (ЖАО - 45, ведомстволық бағынысты ұйымдар -10). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 83 фактісі анықталды, оның ішінде:

 6 - құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері;

 4 - бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;

19 - мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;

1 - мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі;

2 - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактісі;

51 - өзге де бұзушылықтар фактісі (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т.б.).

Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 17 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 87 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -72 орындалды.   

Мемлекеттік қызметтер саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ШҚ қызметтері СҚО бойынша МҚАД өкілдерімен бірлесіп көрсетілетін қызметті берушілермен бақылаудан кейінгі семинар-кеңестер өткізеді. Мұндай шара бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

4-тоқсанда барлығы 1 512 925, оның ішінде қағаз түрінде 150 (мемлекеттік орган), балама 2527 (мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 4351, электрондық түрде 1 505 897 (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 188 091, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 1 173 028, «электрондық үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы - 144778).

Қағаз түріндегі бас тарту саны 13 құрады.       

Тізілімге сәйкес , ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау, Кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі, АХАТ АЖ) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, себебі бұл жүйелер ХҚКО БАЖ-мен интеграцияланған мониторинг, БАЖ-мен интеграцияланған ХҚКО ОМО жүргізуі тиіс.

 Есепті түзету

Мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік бақылау қағидаларының 63-тармағына сәйкес Ішкі бақылау бойынша бұрын ұсынылған есептерге түзету енгіземіз.

Бақылау іс-шараларының, мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі шеңберінде нақты деректердің ішкі бақылау жөніндегі есеппен алшақтау фактілері анықталды.

Осылайша, 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:

2022 жылы барлығы 6 062 057 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде 884 (мемлекеттік орган) қызмет, балама 15 417 (мемлекеттік орган) қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 31 875, электронды түрде 6 014 181

(тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы-1 449 436, тікелей байланыспен көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы-3 707 466, «электрондық үкімет» порталы және «Е – лицензиялау» порталы арқылы-857 279).

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзу

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша

Өткізілетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мерзімнің бұзылуы анықталған жоқ. 

Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша

Ай сайын облыс әкімдігі ҚРМҚАД-мен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде рұқсат етілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды. Мониторинг қорытындысы бойынша қазан, қараша айларында 3 мерзім бұзылды. 

Бұзушылыққа жол берген адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.  

Шағымдар

www.1414.kz эылектрондық мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге шағымдар келіп түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.

       Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары

       4 тоқсанда барлығы 1500-ден астам осындай іс-шаралар өткізілді, халықты қамту 66 мыңнан астам адамды құрады. 

          Мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 146 адам оқытудан өтті.  

          2022 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментімен бірлесіп облыстық басқармалардың, аудандар әкімдіктерінің, Петропавл қаласының өкілдері үшін кеңес өткізілді, онда жылдың алдын ала қорытындылары қаралды.   

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі шеңберінде осы салада мынадай кемшіліктер анықталды.

     1.Ақпараттық жүйелердің жұмыс істемеуі

      «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған себеппен өтінім беру үшін 27 жасқа толғаннан кейін электрондық өтініш қажет.  «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті өңдеу кезінде жүйе біліктілік талаптарына сәйкес талап етілетін құжаттардың тізімдемесін жүргізуді талап етеді, онда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті бірқатар құжаттар бар, бірақ қағидаларға сәйкес бұл тізбе көзделмеген (скриншоттар қоса беріледі).

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметінің 2-кезеңін көрсету кезінде «Е-лицензиялау» АЖ-де кемшіліктер бар. 2-кезеңде АЖ арқылы өтінішті толтыру және жер қатынастары бөлімінің бұйрығы талап етіледі. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, осы кезеңде тек бекітілген жерге орналастыру жобасы қажет. Сондай-ақ, осы қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. «Е-лицензиялау» АЖ шешімі «Өкім» ретінде шығады. Мәтін бойынша «Шешті» болуы керек – шықты – «Қаулы етеді». «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұқсас мәселе– «Өкім» бланкі шығады.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтық хал актілерін жазудағы түзетулер». Көрсетілетін қызметті алушылар электрондық форматта жүгінген кезде өтініш АХАЖ АЖ келіп түседі, онда тіркеледі және өңделеді. Форс-мажорлық жағдайларда өтініш берушінің қарауды тоқтата тұру үшін электрондық форматта кері қайтарып алуға өтініш беру мүмкіндігі жоқ. АХАТ қызметкері кері қайтарып алу туралы өтінішті қағаз нұсқада көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдайды және АЖ-ға қолмен енгізеді, бұл қосымша бюрократия мен әуре-сарсаңға әкеледі. Осы мәселені шешу үшін «E-gov» электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызмет көрсету үшін бұрын жіберілген өтінішті кері қайтарып алу үшін қосымша өтініш жасауды ұсынамыз.

2.Порталда қызметтердің қолжетімсіздігі

«Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері» - , қағаз тасымалдағыштарда көрсетіледі, өйткені қызмет Е-лицензия порталынан көрсетілетін қызметті берушіге жеткізілмейді.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді (баламалы қызмет, көрсетілетін қызметті алушылар бұл қызметті мемлекеттік корпорация арқылы алғанды жөн көреді, себебі электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берген кезде банктік карта арқылы төлем жүргізу талап етіледі ол көп жағдайда жоқ немесе беру кезінде картада ақша қаражаты жоқ өтініштер) сондай-ақ банк төлемді бұғаттайды, нәтижесінде электрондық форматта қызмет көрсету мүмкін емес.

  1. Заңнамада Қайшылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдауә мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (қағаз жүзінде) – қабылдау туралы хабарлама беру және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылданады.

Сонымен қатар, осы бұйрықта 9-6 - тармақта: «Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тартуы туралы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді». Үлгілік қағидаларда қолхат нысанының өзі жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгеріс енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгіземіз 9-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  Өтінімді қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті беруші арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және қабылдау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту береді.

  1. «Жасырын қызметтер» бойынша ұсыныстар.

«Жер учаскесін бөлу схемасын бекіту туралы» қызмет. Өтініштерді қабылдауды және беруді жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы.

Құжаттар тізбесі: жер учаскесін бөлу схемасын бекітуге өтініш, жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасы, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

 Көрсету нәтижесі: жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлудің бекітілген схемасы. Көрсету мерзімі 4 жұмыс күні.

Көрсетілген қызмет «Мемлекеттік қызмет» анықтамасына жатады, бірақ мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген.

Дата публикации
17 января 2023
Дата обновления
17 января 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы