«Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне атау беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - қаулы) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-1) тармақшасына және Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, мекеме ұжымының пікіріне сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасының қабылдау мақсаты облыс білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне тұлғалардың есімін беру болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Бірлескен қаулы мен шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14370952