Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның туралы ақпарат

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік тәсілді жүзеге асыру мақсатында облыс, аудандар, Петропавл қаласы әкімдіктерінің жанынан кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі - КТІҚҚК, Комиссия) жұмыс істейді: 1 облыстық, 1 қалалық және 13 аудандық.

Комиссия қызметінің басым бағыттары құқық бұзушылықтардың профилактикасы, оның ішінде жыныстық тиіспеушілікке қарсы мәселелер, қараусыз және панасыз қалған балаларды, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау, қолайсыз отбасыларға бару, суицидтің алдын алу, балаларды сауықтыруды, олардың демалуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және басқалар болып табылады.

Комиссиялардың қызметіне қатысты.

2022 жылы Комиссиялар 337 отырыс өткізді, оның ішінде аудандарда және Петропавл қаласында – 329, облыста – 8, құқық бұзушылық профилактикасы, суицидтің алдын алу, ерте жүктіліктің, нәресте өлімінің профилактикасы, салауатты өмір салтын насихаттау және т. б. бойынша 856 мәселе қаралды.

Комиссиялар 1505-тен астам балаға (панасыз және қараусыз қалған, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, девиантты мінез-құлқы бар балаларға, тәрбиелік колониялардан босатылған кәмелетке толмағандарға, АПМ-дан оралған кәмелетке толмағандарға, оқудан жалтаратын зиянды әдеттері бар балаларға, зорлық-зомбылық пен қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмағандарға) көмек көрсетті.

Жедел жағдай.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысын талдау кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың – 23,7 % - ке 38-ден (2021 ж.) 29  фактіге дейін азайғанын куаландырады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты 64 қылмыс тіркелді, қылмыстардың – 11,8% - ке төмендегені байқалады (2021 жылы – 76).

5 суицид фактісі және 10 суицид әрекеті тіркелді (2021 жылы - 2 суицид және 13 әрекет).

426 рейдтік іс-шара, 71 жергілікті пысықтау өткізілді.

Рейдтердің нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта, тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін ҚР ӘҚтК 442-бабы бойынша 2492 заңды өкіл, ҚР ӘҚтК 440-бабы 2-бөлігі бойынша 263 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚтК 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 796 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға айыппұл салынды.

Ішкі істер органдарында «кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-ана» санаты бойынша есепте 173 ата-ана тұр, 178 кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-ана есепке қойылды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа ата-ана құқықтарынан айыруға 112 материал жіберілді, оның 53 қанағаттандырылды, ата-ана құқықтарын шектеуге 33 материал жіберілді, оның 18 қанағаттандырылды.

Алдын алу шаралары

2022 жылғы 8 маусымнан 08 шілдені қоса – балаларды қорғау саласындағы негізгі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін талқылау, сондай-ақ жалғызбасты және көп балалы аналарға психологиялық тренинг өткізу, жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа оқыту мақсатында Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің облыс аудандарына шығуы (бекітілген кестеге сәйкес) жүзеге асырылды.

2022 жылғы 11 қазан – аудандық комиссиялардың хатшыларына психологтардың, коуч-жаттықтырушылардың, кәсіби медиаторлардың қатысуымен отбасы институтын нығайту мәселелері тақырыбында семинар тренинг өткізілді, сондай-ақ аудандық комиссиялардың қызметіндегі проблемалық мәселелер қаралды. Семинарға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Е.А.Семидоцких, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл С.К.Сұрағанова қатысты.

2022 жылғы 01 қараша – Қазақстан Республикасындағы балалар жылы аясында Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен бірлесіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының «Шуақты әлем» облыстық фестивалі өткізілді. Балаларды қамту 170-тен астам адамды құрады.

2022 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық профилактикалық акциясы аясында облыстық комиссия мүшелері полиция органдарымен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеу мақсатында қолайсыз отбасылармен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына отбасын қолдау орталықтарында уақытша орналасу мүмкіндігі туралы түсіндіреді. Акция барысында Комиссия мүшелері тренингтер, семинарлар, кеңестер, қоғамдық қабылдау (барлығы 9) өткізеді, облыс аудандарында (барлығы 17) өтті. Білім беру мекемелерінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбына сурет конкурсы өткізілді.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы Әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.  Отырыс барысында жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, отбасы құндылығы мәселелерін талқылау, сондай-ақжасөспірімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет және құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселесі қозғалды.

Іс-шараларға ювеналды полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, волонтерлер, ардагерлер кеңесі және әжелер клубының мүшелері қатысты.

2022 жылғы 14 қараша облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің күніне арналған «Жас қаламгер» балалар мен жас журналистер облыстық конкурсы өтті.

Конкурс мақсаты: жас солтүстік қазақстандықтарда өз елінің тарихына деген сүйіспеншілікті, зияткерлік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды, журналистика саласында жас дарындарды анықтау және қолдауды тәрбиелеу.

 Конкурсқа қала мен облыс аудандары білім ұйымдары баспасөз-орталықтарының 80 оқушысы қатысты. Оқушылар Лауреаттар, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломаттар болды және дипломдармен марапатталды.

2022 жылғы 10 желтоқсан ең ірі ойын-сауық сауда орталығында, акция аясында қоғамдық қабылдау өткізілді, оған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелері, ювенальды полиция, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес бірлестіктер өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдау жұмысының барысында консультация, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жөніндегі қолданыстағы заңнамалары нормалары, халықты әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелер түсіндірілді, осы тақырып жөніндегі ақпараты бар буклеттер, жаднамалар, әуе шарлар таратылды, «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» оқушылар конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттары суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. 300 адам қамтылды.

28 желтоқсанда – Мүгедектігі бар балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық филармонияда Жаңа жылдық ертегі ұйымдастырылды, сыйлықтар берілді. 120-дан астам бала қамтылды.

Дата публикации
15 декабря 2022
Дата обновления
15 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы