Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында атап өтілгендей: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл — ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту».
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Кірістер бойынша облыс бюджеті 2019 жылғы жоспардағы 244 566,5 млн. теңгеден 101,9%-ға атқарылды немесе 249 307,8 млн. теңге түсті.
Жеке кіріс бойынша жоспар 47 065,9 млн. теңге сомасында немесе 111,2% атқарылды (жоспар — 42 338,5 млн. теңге).
Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеретін салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 37 117,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттің жоспары 15 110,1 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 22 007,7 млн. теңге.
Есепті кезеңде облыс бюджетіне нақтыланған жоспардан 39 941,6 млн. теңге немесе 107,6%, сонымен қатар облыстық бюджетке 16 477,3 млн. теңге немесе 109,0%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 23 464,3 млн. теңге немесе 106,6% түсті.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 172 453,7 млн. теңге сомасында немесе 100,0% түсті.
2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2019 жылғы 99,7% атқарылды, жоспардағы 245 439,0 млн. теңгеден шығыстар 244 642,5 млн. теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 796,5 млн. теңге сомасында игерілмеді.
Білім мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2019 жылғы 68 481,0 млн. теңгені құрады (1-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар — 68 579,6 млн. теңге).
Білім объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы жоспар 2 854,2 млн. теңге, игерілгені — 2 851,8 млн. теңге немесе 99,9%.
Күрделі жөндеуге 4 872,5 млн. теңге бағытталды, игерілу 4 839,5 млн. теңгені немесе 99,3% құрады.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 545,9 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 97,6 пайызды құрады (жоспар 559,2 млн. теңге).
1-кесте

Денсаулық сақтау бойынша 2019 жылғы шығыстар 5 141,8 млн. теңгені құрады (2-кестеге сәйкес) немесе жоспардан 99,9% (жоспар 5 143,1 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2 836,1 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 100 пайызды құрады.
2-кесте

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 7 783,8 млн. теңгені немесе жоспардың 99,8% құрады (жоспар 7 784,2 млн. теңге).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 44,9 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 98,9 пайызды құрады (жоспар 45,4 млн. теңге).
3-кесте

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 4 008,7 млн. теңгеден 4007,5 млн. теңгені немесе 100,0% құрады (4-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 97,8 млн. теңге бағытталды немесе жоспардан 100%.
4-кесте

Спорт бойынша жоспардағы 6 043,3 млн. теңгеден 6 042,4 млн. теңге немесе 100,0% игерілді (5-кестеге сәйкес).
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 104,4 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 104,4 млн. теңге немесе 100,0%).
5-кесте

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардағы тұрғын үй салуға шығыстар 11 290,3 млн. теңгені құрады (жоспар 11 311,2 млн. теңге немесе 99,8%), республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 5 195,9 млн. теңге тұрғын үй салуға бағытталды.
Сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 2 596,8 млн. теңге бөлінді, жоспар 1.01.2020 ж. 2 596,8 млн. теңге, 2 596,8 млн. теңге немесе 100,0% игерілді.
Облыстың автомобиль жолдары желісін дамыту бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардағы 1 113,2 млн. теңге игерілді немесе 100% игерілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2019 жылға нақтыланған жоспар 1 848,2 млн. теңгені құрайды. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жоспардағы 1848,2 млн. теңге бойынша атқарылу 1847,1 млн. теңгені немесе 99,9% құрады, оның ішінде:
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2019 жылы 12 680,8 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 9 361,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2 567,1 млн. теңге нысаналы трансферттер. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен — 751,7 млн. теңге.
2019 жылы игерілу 12098,9 млн. теңгені немесе 95,4 пайызды құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:
Бірінші бағыт бойынша есепті кезеңге жоспардағы 1 412,8 млн. теңге бойынша, игерілді — 951,2 млн. теңге. Оның ішінде: бірінші мамандық алу үшін тегін кәсіптік оқытуға 670,3 млн. теңге; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 280,9 млн. теңге немесе 67,3 пайыз, 461,6 млн. теңге игерілмеді, оның ішінде: алушылардың нақты санының азаюына байланысты — 456,7 млн. теңге; сотқа берілді, Қызылжар аграрлық-техникалық колледжі бойынша терезелер жеткізілмеген — 4,9 млн. теңге;
Екінші бағыт бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға есепті кезеңге жоспар 5 979,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 5 648,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 331,4 млн. теңге. 5 979,9 млн. теңге игерілдінемесе 100%.
Үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға жылдық жоспар 4 760,0 млн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 3 702,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1057,1 млн. теңге.
Игерілу 4 640,0 млн. теңгені немесе 97,5 пайызды құрады, 120,0 мың теңге игерілмеді, оның ішінде: қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі атқарылған жұмыстар бойынша түпкілікті төлем кезіндегі үнемдеу — 119,8 млн. теңге, дөңгелектеу есебінен — 0,2 мың теңге.
Басқа шығыстар:
14 жұмыспен қамту орталығын күтіп-ұстау — 2019 жылғы жоспар — 528,1 млн. теңге, игерілу 527,8 млн. теңгені немесе 99,9 пайызды құрады.