Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 6 ай ішіндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 6 ай ішіндегі жұмысы туралы

2021 жылғы 03 шілде                                        Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі аталған уақыт ішінде Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормалары бұзылуының алдын алуға; мемлекеттік қызметкерлердің шектеулерді сақтауына және уәкілетті органның ұсыныстарын орындауына; мемлекеттік қызметкерлердің өз ішінде, бірінші кезекте, халықпен және қоғамдағы азаматтармен өзара қарым-қатынас жасаудағы әдептілігін жақсартуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардағы ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған белгілі бір жұмысты атқарды.   

Жұмыс әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарға сәйкес, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілді.

Облыстық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың барлығына мемлекеттік қызметкерлердің іскери стилі жөнінде, әлеуметтік желіні қолданған кезде әдеп нормасын сақтау туралы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыру туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының сыйлық бөлігіндегі талаптарын сақтау жөніндегі ұсыныстардан тұратын жадынамалар мен хаттар жолданды. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясын жүзеге асыратындарға әдістемелік ұсыныстар жіберілді, сондай-ақ олармен видеоконференция байланысы режиміндегі кездесулер ұдайы өткізіліп тұрады. Мессенджерде облыс аудандарының және Петропавл қаласының әдеп жөніндегі уәкілдерінің тобы құрылып, тұрақты кері байланыс жолға қойылды.

Қызмет әдебінің нормаларын түсіндіру мақсатында, Әдеп кодексінің сақталуын бақылау және оған мониторинг жасау үшін, облыс әкімі аппаратының, облыс басқармаларының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерімен офлайн және онлайн режимдегі тұрақты кездесулер ұйымдастырылды.  

Осы уақыт ішінде СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және Әдеп кодексін сақтау мәселелері жөнінде 106 түсіндіру іс-шарасын өткізді, соның ішінде 57 лекция мен семинар, 47-сі БАҚ пен интернет ресурсы, 2 сөз сөйлеу радио арқылы.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті өкілдерінің қатысуымен аудандардың және Петропавл қаласының әдеп жөніндегі уәкілдерімен 3 жұмыс кеңесі өтті. Аталған кеңестерде әдеп жөніндегі уәкіл міндетін атқарушыларға «Басшының ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартудағы ролі», «Мемлекеттік қызметкерлерге арналған мүдделер қақтығысына, Әдеп кодексін бұзуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ұсыныстар», «Мемлекеттік қызметкерлерге арналған әлеуметтік желіде жұмыс істеу жөніндегі жадынама» нұсқаулықтарының мазмұны туралы айтылды.  

Сонымен қатар, Zoom платформасында мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқандарға арналған (82 адам) «Әдеп нормасын сақтау», «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық және олардың салдары» тақырыбындағы онлайн семинар өтті.

Азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес «Whats App» платформасында және Фейсбук әлеуметтік желісінде офлайн режимде жүйелі түрде өткізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ азаматтарды қабылдау өткізілетін күндер әлеуметтік желіде, БАҚ-да мессенджер арқылы алдын ала жарияланады.

Өткен уақыт ішінде 113 жеке қабылдау болды.

Аталған уақытта аудандар және Петропавл қаласы әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірге «Whats App» платформасында 4 рет азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысымен азаматтарды бірлесіп қабылдау өтті.

Түсіндіру жұмысының аясында облыс өңірлеріне 12 жол жүру жүзеге асырылды, соның ішінде 2-еуі аудандарға және 10-ы ауылдық округтерге. Бұл жол жүрулер барысында 150-ден астам мемлекеттік қызметкер түсіндіру жұмысымен қамтылды.

Көшпелі іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік деңгейін арттыру мақсатында, Әдеп кодексінің нормасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды білу деңгейін бағалау практикасы қолданылады.

Ескерту мақсатында, жеке құрам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалғаны туралы ақпарат жөнінде бірден хабардар етіледі. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 153 мемқызметкер мен азаматқа мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызмет әдебі мәселесі жөнінде консультациялық көмек көрсетілді (жеке қабылдау, «Whats App» платформасында онлайн қабылдау арқылы, сенім телефоны бойынша (жұмыс, ұялы), мемлекеттік органдардың ұжымдарында түсіндіру жұмысын өткізу кезінде).

Есепті кезең басталғалы, әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекетіне шағымданған 25 өтініш түсті.  

Түскен өтініштердің барлығы бойынша көрсетілген дәлелдер тексеріліп, Заңға сәйкес жауап берілді.

Уәкіл қызметінің басты бағыттарының бірі – облыс әкімдігі ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалға ұдайы мониторинг жасау. Моральдық-психологиялық жай-күйге мониторинг жасау мақсатында, облыстың және аудандардың мемлекеттік органдарының ұжымдарында жарты жылда бір рет анонимді сауалнама жүргізіледі. Бүгінгі күні сауалнамаға 2968 мемлекеттік және азаматтық қызметкер қатысты.

Сауалнама нәтижесі талданып, әр органдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне баға беріледі. Соңғы сауалнама Gmail бағдарламасы қолданылып, Google интернет-сервисінің платформасында жүргізілді, онда сауалнама нәтижесі автоматты түрде есептеліп, диаграмма түрінде беріледі.

Сауалнама нәтижесінде, 10 жағдай бойынша шара қабылданып, ұсыныс әзірленді. Мысалы, аталған уақытта моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі тиісінше болмауына орай, ішкі саясат, денсаулық сақтау, экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және ТҮКШ, жер инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларына, екі реттен кәсіпкерлік және индустриялық-нновациялық даму басқармасы мен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына ұсыныстар жолданды.

 Қазіргі уақытта 20 басқарманың барлығындағы және облыс әкімі аппаратындағы, соның ішінде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларындағы моральдық-психологиялық ахуал қанағаттанарлық.

 Мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істеуінің алдын алу мақсатында, СҚО әкімі аппаратының және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауы ұдайы тексеріліп отырады. 

Аудандар және Петропавл қаласы әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілдері мен мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс режимін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар жолданды. Жүйелі түрде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының арқасында мемлекеттік қызметкерлерді үстеме жұмысқа (бұдан әрі – артық жұмыс істеу) тарту барынша азайды. Басқармаларда қызметкерді артық жұмыс істеуге тарту туралы тиісті бұйрық шығару кеңінен қолданылады. 2 мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалды. 

Қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланудың алдын алу мақсатында, өткен уақыт ішінде жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға 2 ақпараттық хат жолданды, қызметтік автомашиналардың жұмыстан тыс түнгі уақытта тұрақта тұруының жай-күйіне талдау жасалды. Қызметтік автокөлікті пайдалануды тәртіпке келтіру бойынша атқарылған нысаналы кешенді жұмыс нәтижесінде, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың барлығы қызметтік автомашиналарды әкімдіктің орталық көлікжайына, ведомствоға бағынысты ұйымдарға қою жөніндегі шарттарды жасады, не автомашинаны басқа да арнайы бөлінген жерге тұраққа қою қамтамасыз етілді.

Осы мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің және жол полициясының қызметкерлерімен бірлескен рейд жүргізіліп жатыр. Рейд нәтижесі мемлекеттік органдардың барлығына ақпараттық хатпен, әлеуметтік желі арқылы және ұжымдармен кездесу барысында жеткізіледі, бұл бұзушылықтың аталған түрінің түбегейлі түрде алдын алу болып табылады. Осындай барлығы 4 рейд өткізілді.

 Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің киім стилі мен нысанын сақтауы, сондай-ақ қызметкерлердің телефон арқылы сөйлесу әдебін сақтауы бойынша осыған ұқсас жұмыс атқарылып жатыр.  

Алдын алу іс-шараларының нәтижесі бойынша, облыс әкімдігінің барлық мемлекеттік органдарына, аудандық әкімдіктерге және Петропавл қаласының әкімдігіне жолданған, жекелеген адамдар бойынша нақты ескертулері, сондай-ақ Агенттік ұсынған киім стилі мен нысанының тізбесі бар ақпараттық хат дайындалды.  

Бұл жұмыс жалғасын табады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ Міндеттер ережесінде жүктелген міндеттерді орындаумен қатар, әдеп нормаларын бұзудың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шараларды өткізу, оның ішінде бухгалтериямен бірлескен телефон арқылы сөйлесуді ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалану бойынша профилактикалық тексерулерді жүргізу (Кодекстің 5-тармағы 10-тармақшасы), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлескен қызметтік автокөлікті ұтымды пайдалану жөніндегі рейдтерді өткізу жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметтің имиджі мен беделін көтеру мақсатында, облыс әкімінің аппараты мен барлық мемлекеттік органдардың ұжымдарында Интернет арқылы Gimail бағдарламасы бойынша анонимді сауалнама жүргізу жолымен ең үздік мемлекеттік қызметкерді таңдау жоспарланған. Қазір үздік мемлекеттік қызметкерді бағалау критерийі бойынша сауалдар әзірленіп жатыр. Сауалнама қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдарға жеңімпаздарды көтермелеу туралы ұсыныс хаттар жолданады, МҚІА СҚО бойынша департаменті ол туралы хабардар етіледі.

СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі      С.Серікбаев

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы