2022 жыл қараша айы халеті бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарының ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалы.
Заңға сәйкес мемлекеттік мекемелерде қалыптасқан моралдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша жылына кемінде екі рет анонимді сауалнама өткізіледі. 2022 жылдың қараша айында облыс әкімі аппаратында жәнеде әкімшіліктің 20 басқармасында кезекті сауалнама өткізілді. Сауалнамада жалпы 420 мемлекеттік қызметші жәнеде келісім-шартпен жұмыс жасап жатқан тұлғалар қатысты.
Ұжымдағы қолайлы және оң ниетті моральдық-психологиялық ахуал жетістіктер мен қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізі болып табылады. Ұжымда мұндай ахуалды қалыптастыру тек мемлекеттік орган басшысы мен оның орынбасарларының ғана емес, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесінің, соның ішінде еңбек шарты бойынша қызмет ететін қызметкерлердіңде міндеті болып табылады.
Талдау нәтижелеріне сәйкес облыс әкімдігінің 18 басқармасында, сондай-ақ облыс әкімі аппаратында оң және қанағаттанарлық моральдық-психологиялық жағдай байқалады. Облыс әкімшілігінің 2 басқармасында ұжымындағы моральдық-психологиялық климат қанағаттанарлықсыз деп танылды.
Көптеген басқармаларда жағдай қанағаттанарлық деп танылғанымен, әр басқарма үшін әзірленген ұсынымдарда көрсетілген белгілі бір позициялар бойынша жұмыс жүргізу қажет. Ұжымда жалпы климаттың қалыптасуына басшының және оның орынбасарларының оң рөлі; мемлекеттік органда жүктеменің біркелкі бөлінуі; әрқайсысының әркімге қатысты мейірімділігі мен кішіпейілділігі; тән емес функционалдық міндеттер және жеке істерін тапсыру сияқты тапсырманың болмауы (талдау нәтижелеріне сүйене отырып айтылады) және басқа да көптеген мәселелер үлкен әсер ететінін атап өткен жөн.
Барынша жиі кездесетін жағымсыз жауаптарды келтіремін: жекелеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілер жүктеменің біркелкі бөлінбеуіне наразылықтарын білдіреді (8-тармақ), ұжымда басқа қызметкерлердің жеке өмірі туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату тәжірибесі (4-тармақ), кейбіреулері ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты ұнатпайды (5-тармақ), кейде лауазымдық міндеттерінен тыс тапсырмаларды орындауды талап етеді (9), сондай-ақ, жексенбі және мереке күндері жұмысқа шығу және жұмыс уақытынан кейін жұмыста кідірістер (14, 15).
Талдау нәтижелеріне көре 11 басқармаға қалыптасқан моралдық-психологиялық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар жіберілді.