Өнеркәсіп. 2022 жылғы қаңтар-қазандағы нәтижесі бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағамен 385 237,0 млн.теңге сомаға өнім шығарылды, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 1,1%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (81,8%) 2022 жылғы қаңтар-қазанда 315 087,8 млн. теңгеге өнім шығарылды немесе бұл 2021 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 6,9% -ға жоғары.

2022 жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнімдерінің өндірісі 177 863,1 млн.теңгені құрады, етті қайта өңдеу және консервілеу 28,6% - ға ұлғайды, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 22,8% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 22,0%-ын алатын машина жасау саласында 84 627,9 млн. теңге сомаға өнім өндірілді және өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанға 5,8%-ға артық.
Резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 5 724,8 млн. теңгеге өнім шығарылды, өзге де метал емес минералды өнімдер 9 094,5 млн. теңгеге шығарылды немесе бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңге 3,4%-ға төмен.
2022 жылғы қаңтар-қазанда электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласындағы көлемі 43 738,7 млн.теңгені құрады.
2022 жылғы қаңтар-қазанда сумен жабдықтау саласының көлемі
14 321,2 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанға 87,6%.
ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде 2022-2025 жылға шамамен 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 256,9 млрд.теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 1 020,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар-қазанға деңгейіне 112,8%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 90,4 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанға 104,9% құрады.
| Сүт – | 583,5 | мың тонна | (101,9%); |
| Жұмыртқа – | 610,0 | млн. дана | (136,2%). |
2022 ж. 01.11. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
| ІҚМ - | 413,9 | мың бас | (104,1%); |
| с.і. сиыр - | 220,2 | мың бас | (102,6%); |
| қой - | 435,9 | мың бас | (103,2%); |
| ешкі - | 16,3 | мың бас | (99,8%); |
| жылқы - | 145,1 | мың бас | (105,7%); |
| шошқа - | 284,9 | мың бас | (113,2%); |
| құс - | 4901,2 | мың бас | (102,9%). |
Кәсіпкерлік. 2022 жылғы 1 қарашаға облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 32 170 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 433,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылғы сәйкес кезеңге 1,7 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 257,2 млн. АҚШ доллары (1,6 есеге ұлғаю), импорт – 175,9 млн. АҚШ доллары (1,7 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 81,4 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 25,9%), Қытай (11,1%), Өзбекстан (20,1%), Польша (6,4%), Бельгия (10,7%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 96,9%-ы немесе 249,2 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 14,9%), Германия (47,0%), Украина (3,1%), Түркия (4,7%), АҚШ (3,8%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 74,1%-ы немесе 130,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (11,7%-ы немесе 20,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (5,7%-ы немесе 10,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,1%-ы немесе 7,1 млн. АҚШ доллары).


Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 415,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 11,7%-ға артық, соның ішінде импорт – 340,7 млн. АҚШ доллары (8,3%-ға артық), экспорт – 74,4 млн. АҚШ доллары (1,3 есе ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар. 2022 жылғы қаңтар-қазанда қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 268 692,5 млн. теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 102,2% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 59,7%), бюджеттік қаражат (14,8%), банк кредиттері (2,3%) және басқа қарыздық қаражат (23,2%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (53,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,1%), көлік және қоймалау (13,0%), өнеркәсіп (12,9%).
Тұрғын үй құрылысы. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында облыс аумағында тұрғын үйлердің жалпы ауданы 135 985 шаршы метрді құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ды құрайды.
Сумен жабдықтау. «Нұрлы жер» тұрғын үй - коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бБағдарламасы шеңберінде 2022 жылы:
- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 9 104,8 млн. теңге (РБ – 8 388,5 млн. теңге, ЖБ - 716,3 млн. теңге) көзделген. Игеру - 1 076 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 88,1%).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 3 200,7 млн.теңге. Игеру - 1 684,5 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
«Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша - 12,8 млн. теңге.
Сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қалпына келтіруге (ағымдағы жөндеу) 554,3 млн. теңге бөлінді. Игеру - 48 млн. теңге (күнтізбелік жоспардан 100%).
2022 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру салаларында жобалар жоқ.
Әлеуметтік қорғау. 2022 жылғы қантар-қазанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 4326 адамды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,1%-ға кем. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,5 пайызды құрады, бұл 2021 жылғы сәйкес деңгейде.
2022 жылғы 1 қарашаға 10293 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 24508 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 2549 адам жіберілді.
2022 жылғы 1 қарашаға 8001 азаматқа 509,1 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 748,7 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 қараша жоспарындағы 5 млрд. 924,3 млн.теңгеден 5 млрд. 786,7 млн. теңге немесе 97,7 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 296,6 млн. теңге (ЖБ – 166,6 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 130 млн. теңге), есепті кезең жоспары 139,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 31 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 108,7 млн. теңге), атқарылғаны 139,7 млн.теңгені құрады (ЖБ – 31 млн. теңге, ҰҚ есебінен – 108,7 млн. теңге);
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 4 млрд. 629,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 779,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен - 2 млрд. 850 млн. теңге), есепті кезең жоспары 715,6 млн.теңгені құрады (ЖБ – 435,8 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 279,7 млн. теңге), атқарылғаны 715,1 млн.теңгені құрады (ЖБ – 435,7 млн. теңге, ҰҚ-дан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 279,4 млн. теңге);
- Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2022 жылы облыстық бюджетте барлығы 3 585,1 млн.теңге қарастырылған. Соның ішінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жылдық жоспар облигациялық қарыз есебінен 1 551,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана салуға – 1 149,5 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қарашасына жоспар 785,9 млн. теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді.
- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 401,9 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 256,7 млн.теңге, игерілу 100%-ды құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен:
- Петропавл қаласында («Жас өркен» ықшам ауданы) ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салуға 1 676,4 млн.теңге бөлінді. Есепті кезең жоспары – 600 млн.теңге, игерілу 503,8 млн.теңгені құрады. Орындалған жұмыстар актілері ұсынылмағандықтан 96,2 млн.теңге қаражат игерілмеді.
Жергілікті бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 353,9 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында медициналық пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,8 млн.теңге, 1 қараша жағдайы бойынша жоспардағы 0,3 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады;
Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,2 млн.теңге;
Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу –2,3 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 1,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;
Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,2 млн.теңге;
Қызылжар ауданының Якорь ауылында дәрігерлік амбулатория салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 3,2 млн.теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Привольное ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктін салу бойынша сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 1,1 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 0,4 млн.теңгеден қаражат толық игерілді;
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 2,8 млн.теңге. 2022 жылдың 1 қарашасына жоспар – 2,8 млн.теңгені құрады, қаражат толық игерілді.
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу - 13,1 млн.тенге. Жоспардағы 12,1 млн. теңгеден игерілу 100 % құрады;
«Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі мен электрмен жабдықтау желісі)» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу – 1,5 млн.теңге. Жоспардағы 0,5 млн. теңгеден қаражат толық игерілді;
«Петропавл қаласында медицина колледжі үшін 244 адамға арналған жатақхана салу» жұмыс жобасын түзету (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 11, 3 млн.теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобанов ауылында 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияны жобалау және салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз) – 28 млн.теңге.
Петропавл қаласы «Береке» ықшам ауданында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана салуға – 287,4 млн. теңге. 2022 жылдың 1 қарашасына жоспар 81,1 млн. теңгені құрады. Қаражат толығымен игерілді.
Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар есебінен:
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) – 1,0 млн.теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 2,4 млн.теңге.
Білім. Бала бақшалардың жалпы саны 76 бірлікті құрайды, соның ішінде: 61 - мемлекеттік, 15 - жекеменшік. Бұдан басқа, 8 «Мектеп-бала бақша» кешені, 384 шағын-орталық ( 4 жекекменшік) жұмыс атқарады.
«Білім» саласына 2022 жылға 125 480,8 млн. теңге қарастырылды.
2022ж.01.11 жоспардағы 101 407,3 млн.теңгеден игерілу 101 124,9 млн.теңгені немесе 99,7% құрады.
Барлығы 2022 жылға білім беру объектілерін дамытуға 9 240,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
– Тайынша қаласында Қазақстан Конституциясы көшесі, 201 мекенжайында 600 орындық мектеп салу - 586,7 млн. теңге. 2022 жылғы 1 қазан жоспарындағы 564,5 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
- Тайынша ауданы Вишневка ауылы Школьная көшесі, 36 мекенжайында 120 орындық мектеп салу – 100,0 млн.теңге. Жоспардағы 47,0 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.
- Петропавл қаласында 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп-интернатты жобалау және салу (сыртқы желісіз және аумақты абаттандырусыз), қосымша – 55 млн.теңге.
– Пушкин көшесі, 85 Б мекенжайында орналасқан Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу (сыртқы инженерлік желі) - 64,1 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу. Түзету – 132,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 131,4 млн.теңгеден игерілу 100% құрады.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусын салу – 1095,7 млн.теңге. Қаражат толық игерілді.
- Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 7,5 млн. теңге. Жоспардағы 7,1 млн.теңгеден қаражат толық игерілді.
- Жұмабаев көшесі мекенжайында орналасқан (сыртқы инженерлік желі) Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу" жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу - 1,2 млн. теңге.
- Тайынша ауданы Драгомировка ауылында 120 орындық мектеп салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Қосымша – 3 млн.теңге.
- Петропавл қаласында 1200 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу - 10 млн.теңге.
- Петропавл қаласында 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Қосымша – 10 млн.теңге.
- Солнечный ықшам ауданында мектеп салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу - 10 млн.теңге.
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
| Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2020 жыл | 2021 жыл | Қаңтар - шілде | 2022 ж. 2021 ж. % | |
| 2021жыл | 2022 жыл | |||||
| Ет, тірі салмағы | мың тонна | 104 | 105,5 | 86,2 | 90,4 | 104,9 |
| Сүт | мың тонна | 597,8 | 635,2 | 527,3 | 583,5 | 101,9 |
| Жұмыртқа, барлығы | млн. дана | 558,4 | 552,9 | 447,7 | 610,0 | 136,2 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Облыс бойынша барлығы – 112,8%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2022 жылғы қаңтар-қазан айлары бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Облыс бойынша барлығы –101,1%