Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 3-тоқсанына ішкі бақылау бойынша есепке талдау жазбасы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2022 жылғы 5 қыркүйектегі өзгерістермен 290 кіші түрін ескере отырып, 169 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында жергілікті атқарушы органдар келесі жұмыстарды жүргізді.

 

Бақылау шаралары

Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 60 КМ өткізілді.

Объектілер саны 60 (ЖАО — 48, ведомстволық бағынысты ұйымдар — 12). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 210 фактісі анықталды, оның ішінде:

3 — Құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактісі;

3 — бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;

1 — ақпараттық желілерден алынуы мүмкін құжаттарды талап ету фактісі;

136 — Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;

1 — Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі;

8 — мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері;

58 — өзге де бұзушылықтар фактілері (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т.б.).

 

Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 103 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -89 орындалды.

Мемлекеттік қызметтер саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ШҚ қызметтері СҚО бойынша ДАГС өкілдерімен бірлесіп көрсетілетін қызметті берушілермен бақылаудан кейінгі семинар-кеңестер өткізеді. Мұндай шара бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

3-тоқсанда барлығы 1 481 773, оның ішінде қағаз түрінде 262 (мемлекеттік орган), балама 6101 (мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 8209, электрондық түрде 1467201 (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей – ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы — 366 287 көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы — 961 466, "электрондық үкімет" порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы — 139448).

Қағаз түріндегі бас тарту саны 33 құрады.

 

Тізілімге сәйкес ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау, кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі, АХАТ АЖ) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, себебі бұл жүйелер ХҚКО мониторинг ИАЖ-мен интеграцияланған.

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы