Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 2-тоқсанына ішкі бақылау бойынша есепке талдау жазбасы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2022 жылғы 18 мамырдағы енгізілген өзгерістермен 290 кіші түрін ескере отырып, 172 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жергілікті атқарушы органдар келесі жұмыстарды жүргізді.

 

Бақылау шаралары

Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 63 КМ өткізілді.

Объектілер саны 63 (ЖАО — 49, ведомстволық бағынысты ұйымдар — 14). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 94 фактісі анықталды, оның ішінде:

1 — Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактісі;

1 — құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактісі;

3 — бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;

26 — Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;

6 — мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері;

57 — өзге де бұзушылықтар фактілері (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т. б.).

 

Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 14 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 106 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні 82 орындалды.

Мемлекеттік қызметтер саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ШҚ қызметтері СҚО бойынша ДАГС өкілдерімен бірлесіп көрсетілетін қызметті берушілермен бақылаудан кейінгі семинар-кеңестер өткізеді. Мұндай шара бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

2-тоқсанда барлығы 1 672 262 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде 272 (Мемлекеттік орган) балама қызметтер 2 646 (Мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 9 834, электрондық түрде 1 659 510 (тікелей жүгінусіз көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті берушіге — 603 856, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы — 760 499, "электрондық үкімет" порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы — 295 155).

Қағаз түріндегі бас тарту саны 22 құрады.

 

Тізілімге сәйкес ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау, кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі, АХАТ АЖ) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, себебі бұл жүйелер ХҚКО мониторинг ИАЖ-мен интеграцияланған.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзу

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша

Өткізілетін бақылау іс-шаралары шеңберінде 1 мерзімнің бұзылуы анықталды.

 

Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша

Ай сайын облыс әкімдігі ДАГСРК-мен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде рұқсат етілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды. Мониторинг қорытындысы бойынша (сәуір, мамыр, маусым) — 4 бұзушылық жіберілді.

Бұзушылыққа жол берген адамдарға тәртіптік және әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.

 

Шағымдар

www.1414.kz электрондық мекенжай бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы