2023 жылдың 3 ақпанында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша № 3 бірмандаттық округтік сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидатты тіркеу мәселесі қаралды.
Округтік сайлау комиссиясы түскен құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 104 бабына сәйкестігін тексеріп, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 бірмандаттық округі бойынша кандидат ретінде тіркеді:
Дақанов Бурахан Нұржанұлы, 1992 жылы туған, Сергеевка қаласында тұрады, «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.