Алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік саясаттың негізі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген аса маңызды бағыттар болып табылады.
2022-2024 жылдарға арналған облыс бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы», «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес әзірленіп, бекітілді.
«2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті жобасы туралы» облыс әкімдігінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 206 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы10 желтоқсандағы № 12/1 шешімінің негізінде 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді.
«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет, аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» облыстық мәслихат шешімінің күші жойылуына байланысты, ҚР Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет, аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/2 шешімімен 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер бекітілді.
Кірістер және шығыстар бойынша 2022 жылға арналған облыс бюджеті 329 896 млн. теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде облыстық бюджет – 23 725 млн. теңгеге өсуімен 249 184 млн. теңге.
2022 жылы бюджетке 7 нақтылау және 17 түзету жүргізілді.
Нақтылауға мына көздер негіз болып табылды:
қаржы жылына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары – 18 574 млн.теңге;
қосымша кірістер – 18 410 млн.теңге;
республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 41 403 млн. теңге,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер 80 млн. теңге сомасына азайтылды,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттер – 24 617 млн. теңге,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен – 1 187 млн. теңге,
республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер – 2 322 млн. теңге,
бюджеттік кредиттерді өтеу – 942 млн. теңге,
ішкі қарыздар 7 267 млн. теңге сомасына азайтылды.
Нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, облыс бюджетіне түсетін түсімдер бойынша нақтыланған жоспар мынаны құрады:
меншікті кірістер – 85 720 млн. теңге,
республикалық бюджеттен:
субвенциялар – 141 829 млн. теңге,
республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 130 838 млн. теңге,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер – 16 644 млн. теңге,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттер – 24 617 млн. теңге,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен – 1 187 млн. теңге,
республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер – 4 797 млн. теңге,
бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 065 млн. теңге,
ішкі қарыздар – 3 733 млн. теңге.
2022 жылы инвестициялық жобаларға 84 559 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 37 183 млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер – 14 090 млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 2 225 млн. теңге, ішкі қарыздар – 3 733 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 27 328 млн. теңге бағытталды. Білім, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік инфрақұрылымын дамыту салалары басым бағыттар болып айқындалды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 2022 жылы 6 993 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен – 3 408 млн. теңге, оның ішінде мына салалар бойынша:
білім беру – 1 072 млн. теңге;
денсаулық сақтау – 130 млн. теңге;
мәдениет – 994 млн. теңге;
спорт – 146 млн. теңге;
жолдар – 479 млн. теңге;
жылумен жабдықтау – 562 млн. теңге;
электрмен жабдықтау – 75 млн. теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен – 2 114 млн. теңге, оның ішінде мына салалар бойынша:
білім беру – 659 млн. теңге;
жолдар – 1 455 млн. теңге;
жергілікті бюджет есебінен – 1 471 млн. теңге, оның ішінде мына салалар бойынша:
білім беру – 147 млн. теңге;
денсаулық сақтау – 14 млн. теңге;
мәдениет – 68 млн. теңге;
спорт – 632 млн. теңге;
жолдар – 454 млн. теңге;
сумен жабдықтау – 3 млн. теңге;
жылумен жабдықтау – 150 млн. теңге;
электрмен жабдықтау – 3 млн. теңге.
Мына салалар бөлінісінде 2022 жылға нақтыланған облыс бюджеті 430 004 млн. теңгені құрайды:
әлеуметтік-мәдени іс-шараларға барлығы – 175 712 млн. теңге немесе облыс бюджетінен 40,8 пайыз
оның ішінде: