Геннадий Геннадьевич Зенченконың Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты өкілеттігін жоғалтқаны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы
3-тармағының 3-1) тармақшасына, 4-1-тармағына сәйкес және «AMANAT» партиясы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының (2026 жылғы
13 шілдедегі № SQ-1515-02-2-26/186) шығыс хаты негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«AMANAT» партиясы» ҚБ партиялық тізімі бойынша сайланған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Геннадий Геннадьевич Зенченконың депутаттық өкілеттігін жоғалту фактісі белгіленсін.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты Г.Г. Зенченконың депутаттық куәлігі жарамсыз деп танылсын.
Г.Г. Зенченконың облыстық мәслихат депутаты өкілеттігін жоғалтқаны туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына хабарлансын.
Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы
А. Сақыпкереев