Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту және еңбек

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру Әлеуметтік кодекс шеңберінде жүзеге асырылады, оны алу үшін жұмыс іздеуші тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіне алады.

Сонымен қатар, жұмыс іздеушілер жұмыс іздеген кезде «Enbek.kz» тегін интернет-платформасы арқылы өз бетінше түйіндеме жасап, жұмысқа шақырту ала алады.

Оқушылардың жұмыс беруші талап ететін дағдыларды жедел игеруі үшін кәсіптік оқыту, оның ішінде жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту көзделген.

Ақпараттық технологияларды дамыту аясында азаматтардың бәсекелестігін арттыру және мамандардың дағдыларына сұраныс тудыру үшін Enbek.kz-те онлайн оқуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, өз ісін ашуға жағдай жасау үшін Enbek.kz-те «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстар ұйымдастырылды.

Азаматтардың әлеуметтік осал санатына жататын адамдарға бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде өтеусіз грант беріледі.

Сондай-ақ, бюджет қаражатынан жалақыны ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

Алғашқы еңбек тәжірибесін алу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін бес жыл ішінде Жастар тәжірибесіне қатыса алады, бұл ретте ұзақтығы 12 айды құрайды.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін кемінде 2 жыл қалған 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар «Күміс жас» жобасына қатыса алады .

Демалыс кезінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттер, сондай-ақ жұмыссыздар үшін елді мекендерді абаттандыруға, қаланы тазалау мен санитарлық тазалауға, құжаттарды өңдеуге және т. б. қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдарды ағзаның бұзылған функциялары мен тіршілік әрекетінің шектеулерін ішінара өтейтін арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделген. Бұл ретте, мемлекет жұмыс берушіге осындай жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтейді, сондай-ақ 3 жыл ішінде мүгедектігі бар адамның жалақысы субсидиялайды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 50 және одан да көп адамы бар кәсіпорындар бөлінісінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілейді.

Жұмыс орындарының квоталары білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін де белгіленеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы