
Дүзелбаев Қанат Малғаждарұлы 1974 жылдың 16 шілдесінде Торғай облысы Қима ауданының Қима ауылында дүниеге келген.
Алматы экономика және статистика академиясын бітірген (экономист).
1995 жылдан 1996 жылға дейін – Торғай облысы Қима ауданы Қима ауылындағы Ұлттық банктің есеп айырысу-касса орталығының экономисі.
1997 жылдан 1998 жылға дейін – бюджеттік банк экономисі.
1998 жылдан 2006 жылға дейін – Ақмола облысы Жақсы аудандық қазынашылық бөлімінің аға қазынашысы, сектор меңгерушісі, бастықтың орынбасары.
2006 жылдан 2010 жылға дейін – Ақмола облысы Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.
2010 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысы Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
2013 жылдан 2018 жылға дейін – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
2018 жылдан 2023 жылғы қазанға дейін – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2023 жылғы 23 қазаннан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» (29.11.2019 ж.) медальмен марапатталған.