
Анатолий Анатольевич Тарахтун 1988 жылы Петропавл қаласында дүниеге келді.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн физика мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 2010 жылы № 17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенiнiң физика пәнi мұғалiмi болып бастады;
2014 – 2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді;
2017 – 2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының рухани-адамгершiлiк бiлiм беру және тәрбие жұмысы бөлiмiнiң басшысы қызметін атқарды;
2018 – 2021 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді;
2021 – 2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;
2024 жылғы 12 маусымнан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.