Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихатының шешiм жобасына баспасөз-хабарламасы

Осы нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодекстiң 106, 109 бабтарына және 111 бабтың 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына негiзделген болып келедi.

Мәслихаттың осы шешiмiн қабылдаудың мақсаты — мемлекеттiк органдардың және ведомствоға қарасты олардың мекемелерiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Аудандық бюджетті нақтылау көздері: бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты республикалық, облыстық бюджеттерден қосымша нысаналы трансферттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерді қайта бөлу, республикалық, облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттерді азайту болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

 

Дата публикации
01 сентября 2022
Дата обновления
01 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы