Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Жамбыл ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Аудандық конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін қабылданды. Биыл қатысуға 8 отбасы өтініш берді.
Келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарау барысында аудандық комиссия төрт жеңімпаз отбасын анықтады: