Меню

Страницы

Статья

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп 

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданның өнеркәсіп секторы 2426,0 млн.теңге сомасына өнім өндірді, қызметтер көрсетті, нақты көлем индексі 2022 жылдың деңгейіне 89,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1 781,6 млн. теңгені құрады, НКИ 84,4%. жалпы азық — түлік өнімдерін өндіру бойынша көлем 1,8% - ға, жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру бойынша 19,1% - ға, сумен жабдықтау бойынша 1,1% - ға өсті.

Салалар бойынша өндіріс көлемі өсті:

тамақ өнімдерін өндіру 18,2% - ға (етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 29,5% - ға, өсімдік және жануарлар майларын өндіру 81,4% - ға, нан — тоқаш өнімдерін өндіру 7,4% - ға, жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру 11,7% - ға);

  • электрмен жабдықтау 6,4%;
  • сумен жабдықтау 6,8%.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,5% - ға, оның ішінде машина жасау көлемі 24,3% - ға төмендеді.

Аудан өнеркәсібі келесі салалармен ұсынылған:

  1. Өңдеу өнеркәсібі — азық — түлік өнімдерін өндіру: ет, ұн, нан —тоқаш өнімдері, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, өсімдік майларын өндіру, жиһаз, машина жасау.
  2. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау.
  3. Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша

Өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі 

Кәсіпорынның атауы (ЖШС, ШҚҚ, ЖК)

Басшының Т. А. Ә., байланыс телефоны

Орналасқан жері (міндетті түрде ауылдық округті, елді мекенді көрсету керек)

Өндірілетін өнімнің түрлері

Производство хлеба (пекарни)

«Сычев В.Ф.» Ш/Қ

Сычев Владислав Викторович,
тел. 87154421288

Преснов а/о

 Пресновка а.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Екпін 2002» ЖШС

Әбиева Шәкен Қасымқызы,

тел. 8715443-13-68

Благовещенка а/о

 Благовещенка а.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Шатило и К» ЖШС

Адам Олег Эрихович,

тел. 87154422853

Казанка а/о

Казанка а.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Лобода В.М.» Ш/Қ

Лобода Василий Михайлович,

тел. 87779254946

Первомай а/о

 Буденный а.

жоғары және 1 сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Солтустік Жер» ЖШС

Баланбаев Вячеслав Садықұлы,

тел. 87154435141

Қайранкөл а/о

 Украинск а.

жоғары және 1 сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Жамантаев А.С.» ЖК

Жамантаев Малик Әшімканұлы

Қайранкөл а/о

Қайранкөл

жоғары және 1 сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

«Айтжанов К.К.» ЖК

Айтжанов Қуат Қайратұлы,

тел. 87775958796

Преснов а/о

 Пресновка а.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны

Ет жартылай фабрикаттарын өндіру

Сычев В.Ф.»Ш/Қ

Сычев Владислав Викторович,
тел. 87154421288

Преснов а/о

 Пресновка а.

ет және шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар

Өсімдік майларын өндіру

 «Династия Агро» ЖШС

Кан Илья Владимирович

Благовещенка а/о Благовещенка а.

күнбағыс майы

Жиhаз өндірісі

 «Лагода В.П.» ЖК

Лагода Владимир Петрович

тел. 87055760804

Преснов а/о

 Пресновка а.

жиһаз өндіру бойынша цехы

 «Курлянчикова Ю.А.» ЖК

Курлянчикова Юлия Анатольевна

тел. 87772999060

Преснов а/о

Пресновка а.

жиһаз өндіру бойынша цехы

Басқа салалар

«Дания 2014» ЖШС

Ташмаханов Арындос Серікбайұлы

 

Преснов а/о.

 Пресновка а.

су өндірісі

СҚО статистика департаментінің мәліметі бойынша

2019 жылғы «Өнеркәсіп» саласының жұмыс қорытындысы

2019 жылы ауданның өнеркәсіп секторы 1 944,1 млн. теңге сомасына жұмыстар мен қызметтер көрсетті, НКИ 82,1%.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1 781,6 млн. теңгені құрады, НКИ 84,4%. Жалпы Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,8%-ға, малдарға дайын азық өндіру 19,1%-ға, сумен жабдықтау 1,1%-ға өсті.

Өндіріс көлемі: жалпы өңдеу өнеркәсібінде 15,6%-ға, оның ішінде етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру бойынша 12,9%-ға, нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру бойынша 6,5%-ға, өсімдік және мал майын өндіру 5,4%-ға төмендеді.

Машина жасау (техниканы жөндеу) көлемі 46,4%-ға, электрмен жабдықтау көлемі 23,8%-ға төмендеді.

Өнеркәсіп 2020 жылғы қаңтар-наурыз

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның өнеркәсіптік секторында 348,9 млн. теңге сомасында өнім өндірілді, өнеркәсіптік қызмет көрсетілді, нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 78% құрады.

Ет өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 5,4%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және салқындатылған ауамен жабдықтау 10,9%-ға, суды жинау, өңдеу және тарату 10,2%-ға өсті.

Өндіріс көлемі төмендеді: жалпы өңдеу өнеркәсібінде 22,5%, оның ішінде:

- тамақ өнімдерін өндіруде 18,6%, оның ішінде:

өсімдік және мал майы мен тоң майы өндірісінде 9,3%-ға, нан-тоқаш және ұн өнімдері өндірісінде 3,1%-ға, жануарларға арналған дайын азық өндірісінде 58,5%-ға өсті.

- машина жасауда 21%.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы

Өңір кәсіпкерлігін қолдау картасында 67 млрд. теңгеге 43 жоба жасалып, 2 234 жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде 2015-2017 жылдары 16,3 млрд. теңгеге 749 жұмыс орнын құрумен 27 жоба іске қосылды, 2017 жылы 8 жоба іске қосылған: «Vizavi Company» ЖШС кондитерлік бұйымдарды өндіруді кеңейту бойынша, «Тайынша-май» ЖШС-нің майлы дақылдарды өңдеу Зауытының 2-ші кезеңі (күнбағысты және рафинадтау цехы өңдейтін жабдық); «Гиперкирпич СК» ЖШС гиперкирпич өндіру, «Арғын СҚО» ЖШС сип-панельдер өндіру бойынша; «РимКазАгро» ЖШС — жылдам дайындау өнімдерінің өндірісі; «Загот Интер» ЖШС — ет өнімдерін өндіру; ЖШС «Малсо-Дел» сүт зауытын жаңғырту бойынша, «Династия Агро» ЖШС — өсімдік майларының өндірісі.

ЖШС «Династия Агро» Благовещенка ауылындағы майлы дақылдарды қайта өңдеу жобасы, инвестиция көлемі 70 млн. теңге (8 жұмыс орны). Шығарылатын өнімнің ассортименті - тағамдық май, техникалық май , Күнжара. Өнімнің экспорты - Италия, Польша, Германия.

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы