Меню

Страницы

Статья

Спорт және туризм

Дене шынықтыру және спорт саласының жұмыс қорытындысы және 2021 жылға жоспарлары туралы

Ауданда спорттың 29 түрi дамыған. Ауданда олимпиадалық спорт түрлерiмен 12 спорт түрiнен 1086 адам айналысады. Балаларға арналған 2 спорттық ұйым жұмыс iстейдi.

Оқушылар контингентi 458 адам балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi, 23 жаттықтырушы-оқытушы спорттың 10 түрi бойынша балалармен және оқушылар контингентi 240 адам "қосымша бiлiм беру орталығы" КММ айналысады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға және аудан құрама командаларының облыстық жарыстарға қатысуына 2020 жылы жергiлiктi бюджеттен 21 млн.теңге бөлiндi, оның iшiнде 5,5 млн. теңгеге спорт тауарлары сатып алынды.

Спортпен шұғылдану үшiн 169 спорт ғимараттары бар. Пресновка ауылында көше тренажерларының кешенi жұмыс iстейдi

2020 жылы Троицкое ауылында 10,0 млн.теңге сомасына жасанды жабыны және қоршауы бар көпфункционалды шағын футбол алаңы, 11 млн. теңге сомасына Благовещенка ауылында Жастар паркi пайдалануға берiлдi.

2020 жылы Пресновка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды, құрылыс сомасы 284 млн.т. құрайды, аяқтау мерзiмi — 2021 жылғы наурыз.

2021 жылы жабық мұз айдынының құрылысы, Благовещенка және Кладбинка ауылдарында 42 млн.теңге сомасына көпфункционалды шағын-футбол алаңдарының құрылысы жоспарлануда. Пресновка ауылындағы стадионды ағымдағы жөндеуге смета дайындалуда.

2020 жылдың 12 айында салауатты өмiр салтына және халықты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға бағытталған 15 оффлайн iс-шара және 25 онлайн спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi (Қысқы Президенттiк көпсайыс, шайбалы хоккей, футзал, шахмат, дойбы, шаңғы жарысы, конькимен жүгiру спорты, волейбол, тоғыз ұлақ, баскетбол, шағын футбол, гири, ауыр атлетика, асық ату, бес асық, секiртпеден секiруден онлайн жарыс және т.б.).

Ауданның құрама командасы "Солтүстiк 2020" Халық спортының облыстық ойындары аясындағы барлық аймақтық және финалдық жарыстарға қатысты.

Мәдениет және спорт саласының барлық бағыттары бойынша жұмыс 2021 жылы жалғасады.

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 29 спорт түрi бар. Олимпиадалық 12 спорт түрiмен ауданда 1086 адам айналысады. Олимпиада ойындарының бағдарламасына кiрмейтiн 11 спорт түрiмен 898 адам айналысады. Ауданда ұлттық спорт түрiмен 306 адам айналысады. Мүмкiндiгi шектеулi спортшыларға арналған 6 спорт түрiне 27 адам қатысады.

Балалармен жұмысты 2 ұйым жүргiзедi:

Оқушылар құрамы 444 адамнан тұратын балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi. Балалармен 10 спорт түрiнен 23 оқытушы-жаттықтырушылар жұмыс iстейдi (греко-рим күресi, жеңiл атлетика, қазақша күрес, волейбол, шаңғы жарысы, гiр спорты, баскетбол, шағын-футбол, еркiн күрес). Сондай-ақ спорт саласында балалармен жұмысты құрамында 240 оқушысы бар «Қосымша бiлiм беру орталығы» КММ спортқа бағытталған жұмыс жүргiзедi. Ауданның жалпы бiлiм беру мектебiнiң базасында 11 спорт түрiнен сабақтар өткiзiледi, 13 қосымша бiлiм беру мұғалiмдерi түрлi спорт түрлерi бойынша сабақ өткiзедi.

Бос уақытта спортпен шұғылдану үшiн 169 спорт ғимараттары бар, олар: Казанка ауылында 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Преснов, Жаңажол ауылдарында 2 стадион, 28 спорт залдары, оның iшiнде 24-i жалпы бiлiм беру мекемелерiнде, Преснов ауылында БЖСМ 1 зал, Преснов аулының ПТМ 1 зал, Благовещенка ауылында 1 зал, Казанка ауылында 1 зал, оның iшiнде 2 жеке зал жұмыс iстемейдi (Преснов, Благовещенка ауылдарындағы ПТМ), 1 ату тирi, 108 жазықтық ғимараттар (олар: 21 баскетбол алаңы, 37 волейбол алаңы, 19 футбол алаңы және 30 шағын-футбол алаңы, 1 спорттық ядро), 24 хоккей корттары, 1 шаңғы базасы.

Преснов ауылындағы спорт қалашығында аула жаттығу кешенi жұмыс iстейдi, онда стрит воркаут алаңы орналасқан. Осы аумақта 2018 жылы 17,0 млн. теңге сомасына қосымша жағажай волейболы, тартан жамылғысы бар волейбол алаңы, жасанды жамылғысы және қоршауы бар шағын-футбол алаңы орналастырылды. Конькилердi қайрайтын станогы сатып алынды және орнатылды.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға және аудан құрама командаларының облыстық жарыстарға қатысуына 2019 жылы жергiлiктi бюджеттен 19 млн. теңгеден астам қаражат бөлiндi, 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға көп.

Аудан құрама командалар облыстық халық спорт ойындары шеңберiнде барлық аймақтық және финалдық жарыстарға қатысты: «Солтүстiк», «Надежда», «Ұлттық түрлерi», «Ақ бидай», «Жастар». Облыстық жарыстарға қатысқандар саны 961 адамды құрады. 2019 жылы барлық спартакиадалардың қорытындысы бойынша бiздiң аудан 6-шы орынды иелендi, осылайша өткен жылдың нәтижесiн 6 позицияға жақсартты. Салыстыру үшiн 2018 жылы аудан 12 орынға, 2017 жылы 7 орынға ие болды.

Бiздiң аудан құрама командамыз ауданымызда өткен Ұлттық спорт түрлерi спартакиада қорытындысы бойынша құрметтi бiрiншi орынды жеңiп алды. «Ақ бидай 2019» жазғы спорт мерекесiнде, волейболдан құрама ерлер командасы күмiс жүлдеге ие болды, ал гiр спорты бойынша командасы қола жүлдеге ие болды, сонымен қатар күрес және бокс жеке спорт түрлерiнен жеңiмпаздар бар. «Жастар 2019» спартакиаданың қорытындысы бойынша бiздiң аудан құрама командамыз қола жүлдегерлерi атанды. Жағажай волейболдан құрама ерлер командамыз чемпиондар атағына ие болды, ал әйелдер командасы күмiс медальдi жеңiп алды.

Спорттық iс-шараларды өткiзу және тұрғындарды спортқа тарту арқылы жастарға жағдай жасау, дамыту, тәрбиелеу және бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы жалпы 87 млн. теңге сомасына жабық хоккей кортын салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттiк сараптамадан өттi. Сонымен бiрге Преснов ауылында жалпы 340 млн. теңге сомасына дене шынықтыру-сауықтыру кешенiн салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама бар және сараптамаға жiберiлдi.

2019 жылдың 12 айында салауатты өмiр салтын қалыптастыруға және тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған 102 спорттық-бұқаралық iс-шаралары өткiзiлдi (қысқы Президенттiк көпсайысы, шайбалы хоккей, футзал, шахмат, дойбы, шаңғы жарысы, конькимен жүгiру спорты, волейбол, қазақ күресi, тоғызқұмалақ, баскетбол, шағын-футбол және т.б.).

Ағымдағы жылы бiздiң аудан жастар арасында «Жастар» спартакиадасын өткiзу үшiн эстафетаны Ақжар ауданынан қабылдады. Спорттық ойындар (ерлер мен әйелдер жағажай волейболы, ерлер мен әйелдер арасында street ball, жеңiл атлетика, ерлер арасында греко-рим күресi, әйелдер арасында еркiн күрес, әйелдер арасында шағын-футбол) 2020 жылдың тамыз айында өтедi. Спартакиаданы тиiстi деңгейде өткiзу үшiн жағажай волейболына арналған екi алаң салу және стадионды жөндеу жоспарланған.

Спорт ғимараттары

Ауданда 173 спорт ғимаратттары бар, олар: Казанка ауылында 1 дене шынықтыру — сауықтыру кешенi, Преснов, Жаңажол ауылдарында 2 стадион. 26 спорт залдары, олардың 21-i жалпы бiлiм беру мекемелерiнде, Преснов ауылындағы БЖСМ (Балалар жасөспiрiмдер спорт мектебi) 1 зал, Преснов ауылындағы КТМ (кәсiптiк техникалық мектебiнде) 1 зал, Благовещенка ауылында 1 зал, Казанка ауылында 1 зал, олардың 2 жеке залдары әрекет жасамайды (КТМ Преснов ауылы, Благовещенка ауылы), 4 кіріктірілген спорт залдары (Ұзынкөл ауылы, Есперлi ауылы, Преснов ауылында, Казанка ауылы), 1 атқыштар тирi, 111 жазықты ғимараттар (олар 22 баскетбол алаңдары, 38 волейбол алаңдары, 19 футбол алаңдары және 31 шағын-футбол алаңы, 1 спорттық ядро), 24 хоккей корттары, 1 шаңғы базасы орнатылған.

2018 жылы Пресновка селосында 3 спорттық ғимарат іске қосылды: шағын-футбол алаңы, тартан қаптамалы волейбол және жағажай волейбол алаңы.

Дене шынықтыру кадрлары

Ауданда 67 маман (олардың 58 дене шынықтырудан жоғары бiлiмi, 9 дене шынықтырудан орта арнаулы бiлiмi бар) дене шынықтыру және спорт саласында қызмет атқарады:

БЖСМ (Балалар жасөспiрiмдер спорт мектебi) штаттық жаттықтырушылары 8 адам (7 адамда дене шынықтырудан жоғары бiлiмi және 1 адамда дене шынықтырудан орта-арнаулы бiлiмi бар), олардың ішінде 3 жаттықтырушыда екiншi санатты бар.

Ауданда 49 мұғалiм дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтарын жүргiзедi. Сапалық құрамы бойынша 41 мұғалiмде жоғары бiлiмi, 8 орта-арнаулы бiлiмi бар. Жоғары санатты бар 12 дене шынықтыру мұғалiмдерi жұмыс iстейдi, бiрiншi санатты 18 адам, екiншi санатты 8 және категориясыз 12.

БЖСМ директорында және оқу iсi меңгерушiсiнде дене шынықтырудан жоғары бiлiмi, ҚББО (Қосымша бiлiм беру орталығы) директорының міндетін атқарушыда жоғары педагогикалық бiлiмi және дене шынықтыру және спорт бөлiм басшысының міндетін атқарушыда педагогикалық және заңгерлік жоғары бiлiмi бар.

Жалпы санынан 2 әйел адам дене шынықтыру мұғалiмi болып жұмыс iстейдi. Екеуi де жоғары бiлiмдi. Бiрiншi санатты бар 2 әйел адам қызмет iстейдi.

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысы

Ауданда дене шынықтыру ұжымдар саны 54 құрайды. Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен жүйелi шұғылданатын азаматтардың саны 6207 адам немесе 33,1% халықтың жалпы санынан (жалпы саны 18 736 адам) құрайды. 2019 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатындар саны өзгерген 0,5% жоғары. Бiлiм беру мекемелерiнде спорттық секцияларында 1046 адам шұғылданады, кәсiп орындарында және ұйымдарда 2892 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жастар 1571 адам.

Құрамында 458 оқушысы бар аудандық Балалар жасөспiрiмдер спорт мектебi жұмыс iстейдi. Осы мектепте 10 спорт түрi бойынша (грек-рим күресі, еркін күрес, жеңіл атлетика, қазақша күрес, бокс, волейбол, шаңғы жарысы, гір спорты, баскетбол, шағын-футбол) сабақтар жүргiзiледi, жаттықтырушылар құрамымен 23 адам.

Сонымен қатар спортқа бағытталған құрамында 240 оқушысы бар спорттық бағытта Қосымша бiлiм беру орталығы балалармен жұмыс iстейдi. 11 спорт түрі бойынша 13 қосымша білім беру жаттықтырушылары сабақ жүргiзедi.

Бiлiм беру мекемелерiнде дене шынықтырумен шұғылдану

Ауданда 32 жалпы бiлiм беру мектептерi бар, олардың 21-i орта, 6 негiзгi, 5 бастауыш мектептерi. Оларда 2748 оқушы бiлiм алуда, олардың iшiнде 2700 оқушы дене шынықтыру сабақтарына қатысады. МКК анықтамасы бойынша дене шынықтыру сабағынан барлығы 48 оқушы босатылған.

Спорт түрлерiн дамыту туралы ақпарат

Ауданда спорт түрлерi бойынша секцияларына қатысушылар саны 2317 адам. 12 Олимпиадалық спорт түрлерiмен 1086 адам айналысады. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кiрмеген спорт түрлерi бойынша 898 адам айналысады, ұлттық спорт түрлерiмен 306 адам шұғылданса, жалпы физикалық дайындықпен 4223 адам айналысады.

Ерлер арасындағы волейболдан аудан құрама командасы «Ақбидай 2019» Жазғы спартакиадасында күміс жүлдені иеленді, сонымен қатар гір спортынан аудандық құрама команда жалпы командалық есепті үшінші орынға ие болды. Трегуб Виктор мен Танибаев Ерболат облыстық «Солтүстiк-2020» қысқы спорт мерекесiнде жүлделі орынға ие болса. Қабдуллов Қуат пен Нурахметов Медет жағажай волейболынан чемпион болса, Кладова Алина және Кладова Ангелина күміс жүлдеге ие болды.

Қорытындылар мен ұсыныстар

Аудан құрама командасы барлық облыстық спартакиадаларына қатысты, олар: «Солтүстiк» қысқы спорт мерекесi, «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесi, «Надежда» мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған спартакиадасы, ұлттық спорт түрлерi бойынша спартакиада, «Жастар» спартакиадасы. Сондай-ақ аудан тұрғындары облыстық құрама команданың құрамында Республикалық жарыстарына ат салысты.

Бөлім басшысының міндеттерін атқарушы
О. Султангазин

Мұрағат (Zip 16 Kb)

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы