2020 жылы жалпы жұмысқа орналастыру 1345 адамды құрады, жоспар бойынша 1238 адам (108,6%). 440 (немесе 104,1%) жоспар бойынша 458 жаңа жұмыс орны құрылды. 2021 жылға жаңа істерді ашу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен 440 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі-бағдарлама)
Бірінші бағыт: еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 30 адам. Қысқа мерзімді оқуды аяқтағаннан кейін 30 адам жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 53 адам оқытылды. Жалпы сомасы 82900,0 мың теңгеге 27 кредит берілді, 51204,0 мың теңге сомаға 96 мемлекеттік грант (200 АЕК) берілді. 2021 жылы 25670,0 мың теңге сомасына 200 АЕК-тен 44 грант, 58000,0 мың теңге сомасына 13 адамға кредит беру жоспарлануда.
Бағдарламаның үшінші бағыты: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
2020 жылы қоғамдық жұмыстарға 245 адам жіберілді (жоспар 239 немесе 102,5%) 2021 жылғы жоспар 230 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 38 адам орналастырылды (жоспар 22 немесе 1,7%) 2021 жылғы жоспар 20 адам, жастар практикасын ұйымдастыруға 32 адам жіберілді (жоспар 32 немесе 100%) 2021 жылға жоспар 15 адам.
Бүгінгі күні 145 кәсіпорында ұжымдық шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде 110 кәсіпорында ұжымдық шарттар жаңа мерзімге қайта жасалды, 35 ұйымда алғаш рет ұжымдық шарттар жасалды (71 мемлекеттік, 74 жеке кәсіпорын).
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бекітілген қаржыландыру жоспары 46944,1 мың теңгені құрады (РБ — 42194 мың теңге; ЖБ — 4750,1 мың теңге). МБЖ бюджеті — 6377 мың теңге (РБ — 5814 мың теңге; ЖБ — 563 мың теңге). АӘК тағайындау бүгінгі күні 163 отбасына 682 адамға (отбасы мүшелеріне) 46944,1 мың теңгені құрады. 46944,1 мың теңге төленді. АӘК тағайындау бүгінгі күні 163 отбасына 682 адамға (отбасы мүшелеріне) 46944,1 мың теңгені құрады. 46944,1 мың теңге төленді. АӘК тағайындау тәртібі бойынша 3267 кеңес берілді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет аз қамтылған отбасылардан шыққан 296 баланы құрады, оның ішінде — оларға азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарларын беру қарастырылған.
ЖҚ және ӘББ басшысы О. Дурнова
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы аясында Жамбыл ауданында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, оларды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні Жамбыл ауданында 1184 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның ішінде:
Ауданда сурдо-тифлотехникалық құралдарға қажеттілік — 6 адам, оның ішінде 3 адам қамтамасыз етілді; протездік-ортопедиялық көмекке жүгінгендер — 36 адам, оның ішінде 27 адам қамтамасыз етілді; арнаулы жүріп-тұру құралдарына 13 адам жүгінді, оның ішінде 2 мүгедек бала, оның ішінде 11 адам қамтамасыз етілді. Міндетті гигиеналық құралдарға қажеттілік 84 адамды құрайды, оның ішінде 84-І қамтамасыз етілген. 2020 жылы санаторлық-курорттық емделуге 6 адам жүгінді, оның ішінде 6 адам қамтамасыз етілді.
Бөлім жұмысының негізгі бағыттарының бірі мүгедектерді кәсіптік оңалту, жұмыспен қамту болып табылады. Ағымдағы жылы кәсіптік оқытуға 1 мүгедек жіберілді, тұрақты жұмыс орындарына 12 мүгедек жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 6 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам, жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №337 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылда «Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не 4 адам жұмысқа орналастырылды.
2020 жылдың 22 желтоқсанында СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы қабылданды:
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, ауданда кедергісіз орта құру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
ЖҚ және ӘББ басшысы О. Дурнова
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №775 қаулысымен бекiтiлген 2017 жылға арналған мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесiнiң 55-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚ–мен мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек көрсету бойынша әдiснамалық қамтамасыз ету, соның iшiнде протездiк-ортопедиялық көмек көрсету туралы шарт жасасты.
Әдiснамалық қамтамасыз ету аясында мүгедектерге протездеу — Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдiк және азаматтығы жоқ азаматтар, ерекше күрделi және мөлшерден ауытқу түрiнде зақымдану, сондай-ақ алғашқы протездеу жүргiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi.
2017 жылдың 15 қарашасында «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» мамандары протездеу жөнiндегi директор орынбасары М.Ш. Шугаеповтың басқаруымен 3D-принтерiнде басылған аяқ-қолды протездеудi таныстырудың рәсiмi өттi. Iс-шара Ашық есiктер күнi интерактивтi форматында өттi.
Полимер материалдарынан жасалған протездер күнделiктi қозғалыс кезiнде мүмкiндiгi шектеулi көптеген адамдармен туындайтын ыңғайсыздықтан, азаптан арылуына көмектеседi. Бұл жұмсақ және жеңiл полимер материалы және ресей мен немiс өндiрiсiндегi жоғары берiктiлiк бiрiктiрушi механизмдер қолдану арқылы қол жетiмдi. Нәтижесiнде дайын өнiм нағыз нақты аяқтың көшiрмесi болады. Арнайы 3D-принтерiне басылған үшөлшемдi протездер өзiнiң бiршама қымбат емес құнымен қаржылық жоспарда бәсекелестiк артықшылығы бар.
Үшөлшемдi аяқты құру үрдiсi: бiрiншi кезекте пациенттiң сау аяғы сканерленедi, осыдан кейiн компьютерлiк бағдарлама көмегiмен қалауы бойынша аяқ-киiм параметрi ескерiле отырып симметриялық протез қалыбы құрылады, фидер материалды басуға жiбередi, бiраз уақыттан соң берiк протез дайын. Оның қолжетiмдi бағасы жыл маусымына байланысты әр түрлi аяқ-киiм үшiн пациентке бiрнеше протездер алып қоюына мүмкiндiк бередi, демек бiздiң климаттық жағдайға өте қолайлы болады.
3D технологиясымен аяқ-қол протездерiн жасауын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен қозғап отырған мүмкiндiгi, шектеулi адамдар үшiн көмек саясатындағы маңызды буын бола алады. Таяу уақытта, «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» басшысы билiк өкiлдерiмен және елдiң басқа өңiрлерiмен жаңа технологиялар қолданумен протездеу қызметтерiн ұсыну туралы меморандумға қол қоюын жоспарлауда.
Еңбек нарығы
2016 жылдың Даму Бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда 978 адам (111%) жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде 386 адамға жұмыс орны құрылды, (117% берiлген тапсырмаға және 71,3% өткен жылғы кезеңге сәйкес) жаңадан тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Уәкiлеттi органға жұмыспен қамту сұрақтары бойынша 488 жұмыссыз жүгiндi. Жұмыс берушiлер өтiнiштерi бойынша 440 адам жұмысқа орналастырылған, жүгiнгендер санынан 90,2% құрайды. Жаңа құрылған жұмыс орындарына 369 адам орналасты.
2017 жылғы 01 қаңтарына жұмыспен қамту ұйымдарында тiркелген жұмыссыздар саны 43 адам, 0,4%. Ауданның 76 кәсiпорынына 703 бос орынға өтiнiш берген, аудан бойынша есептiк айлық бойынша бос орындар саны 28. Жұмыспен қамту және кәсiпорындармен бiрлескендегi барлық формасы 100% құрады.
Қоғамдық жұмыс орындары
Төленетiн қоғамдық жұмыстарға 183 жұмыссыз жолданған. Жұмыссыздардың көбi жергiлiктi елдi мекеннiң қолайлығы үшiн жұмыс iстеуде. 12 айға қаржыландырған қаражат сомасы 13 млн. 893 мың теңге (100% бюжеттiк қаражат қамтылды).
Әлеуметтiк жұмыс орындары
Ағымдағы жылы халықты мақсатты топқа 30 жұмыссыз әлеуметтiк жұмыс орнына орналастырылды. Тоқсандық бағдарлама тапсырмасының орташа айлық 22,8 мың теңгенi құрайды, 3325 мың теңге қамтылды, бұл дегенiмiз жылдық жоспары бойынша 100%. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысына арналған жұмыс берушiлердiң шығынын еңбекақының елу пайыз көлемiнде жартылай жергiлiктi бюджеттен қайтарады.
Халықтың мақсатты топтарынан азаматтардың жұмыспен қамтылуы
Халықтың мақсатты топтарынан 391 жұмысқа орналасуға көмек берiлген, олардың iшiнен тұрақты жұмыс орнына 291 адам, уақытша қоғамдық жұмыстарға 100 адам. Аудан әкiмдiгiнiң қаулысына мақсатты топтардың қосымша тiзбегi бекiтiлген (5 санат).
Жұмыссыз азаматтардың кәсiптiк дайындығы және қайта даярлау
Кәсiптiк дайындықпен және қайта даярлаумен 40 жұмыссыз азамат қамтылған, еңбек нарығында сұранысы көп кәсiптерге сәйкес, соның iшiнде 24 адам — жастар.
Кәсiптiк оқыту және қайта даярлау бойынша қызмет көрсетуге 5 оқу орнымен шарттарға қол қойылған — олар «Мастер Центр», «Политехникалық лицей», «Солтүстiк Қазақстан ОКК» ЖШС, Гуманитарлық техникалық колледжi және КГКП «СКППК».
Кәсiби оқуға жiберiлген жұмыссыздар оқуды аяқтады және жұмысқа орналастырылды.
Ағымдағы күнге ауданымызда 28 бос орын ваканциясы бар, кәсiпорындар бойынша:
«Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚКМК — отолоринголог, дерматолог.
«Астық Қоймалары» ЖШС өкiлеттiлiгi Нан базасы №4» — тракторшы, заңгер.
Аудандағы басқа бөлiмдерде — 24 вакансиялық орындар.
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтiк көмек
Адрестiк әлеуметтiк көмек 167 азаматқа тағайындалған (44 отбасыға) 2149,8 мың теңгеге жалпы сомасы 2149,8 тың теңге төленген, бөлiнген қаражаттың иемденуi 100% құрады.
2017 жылдың 1 қаңтарында 92 азаматқа (21 отбасына) атаулы әлеуметтiк көмек, кедейлiк деңгейiнiң жоғарылауына байланысты көрсетiлмедi.
Балалар жәрдемақысы 612 балаларға (259 отбасыға) 9 млн. 273,9 мың теңге тағайындалды, 9 млн. 273,9 мың теңгеге төлендi. 100% қамтылды.
115 өтiнушi (286 балаға) кiрiстiң жоғарылауына байланысты жоқ деген жауап берiлдi.
Үйде оқып тәрбиеленетiн 19 мүгедек балаға көмек көрсетiлдi. 951,3 мың теңге тағайындалыды және 951,3 мың теңге төлендi.
Аумақтық даму Бағдарламасы бойынша азқамтылған отбасылардан 64 адамды тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 45 адам қоғамдық жұмысқа және 2 адам даярлау оқуына жiберiлдi. Аудан бойынша аз қамтылған 159 отбасы, оларда 665 адамды құрады.
Кедейлiк деңгейi құрайды 0,7% (167/22152*100) (167 — АӘК алушы).
Халықтың күн көрiс деңгейiнен төмен тұратын деңгейi 3,0% (665/22152*100)
Шартты ақшалай көмек 66 отбасына (279 адамға) 9 млн. 081 мың теңгеге төлендi.
Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бойынша бөлiмше
007-029 бағдарламасы «Жеке санаттағы көмекке зәру азаматтарға әлеуметтiк көмек». Аудан бойынша мүгедектер саны — 989 адам, соның iшiнде 1 топтағы — 47 адам, 2 топтағы — 319 адам, 3 топтағы — 546 адам және 16 жасқа дейiнгi мүгедек бала — 77 адам. Негiзгi бағдарламаның жылдық қаржылай жоспары 12 млн. 646 мың теңгенi құрайды, орындалғаны 12 млн. 645,7 мың теңге қамтылды.
2016 жылы мүгедектердi кәсiби жұмыспен қамту мақсатында 23 мүгедекке жұмысқа орналасуда көмек көрсетiлдi; тұрақты жұмыс орнына 14 мүгедек орналастырылды, төлемдi қоғамдық жұмысқа 6 мүгедек жiберiлдi. 5 мүгедек 2020 жұмыспен қамту Жол картасы бойынша жұмысқа орналасты. Еңбек нарығының сұранысына сай, 3 мүгедек әлеуметтiк жұмыс орнына жiберiлдi.
АИС ЦБДИ мәлiметтерiн енгiзу ИПР жүзеге асыру туралы, ауданның бөлiмдерi мамандары «Е-Собес» автоматтандырылған ақпаратты жүйеде азаматтардың арыздары бойынша әлеуметтiк көмек және қызметтермен қамту жұмыстарын жүргiзедi.
Әлеуметтiк инфрақұрылым ғимараттарын паспорттау
Қазақстан Республикасы жүзеге асыру жоспарының 2012-2018 жылдарға мүгедектердiң құқығын қорғау және өмiр сүру сапасын жақсарту бiрiншi этапына (2012-2013 жж) сәйкес, ауданда инвентаризациялық тексеру 186 ғимараттарға әлеуметтiк инфрақұрылымға мүгедектердiң қол жетiмдiлiгiне жүргiзiлдi, оның iшiнде 98 ғимарат мемлекеттiк меншiгiнде.
186 ғимараттың 70 ғимараты қол жетiмдi.
Аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес 2016 жылға 62 ғимарат қол жетiмдiлiгiне жоспарланған.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiндегi арнайы әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерi
Ауданда 2 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс iстейдi, онда мүгедектермен жалғыз тұратын қарттарды күту бойынша 47 әлеуметтiк жұмысшы жұмыс жасайды, 9 әлеуметтiк жұмысшы мүмкiндiгi шектеулi балаларға қызмет көрсетедi. Барлығы бөлiмшеде әлеуметтiк көмек қызметiнде 197 адам, оның 179 жалғызбасты қарттар, 1 мүгедек, 13 мүмкiндiгi шектеулi балалар және 18 жастан асқан жүйке –жүйесiмен ауыратын 4 адам.
Жылдық қаржыландыру жоспары — 45 млн. 202 мың теңге, соның iшiнде жергiлiктi бюдет 28 млн. 392 мың теңге, Республикалық бюджет — 16 млн. 810 мың теңге.
Жылдық орындалған сомасы 45 млн. 198,2 мың теңгенi құрады, 99,9% соның iшiнде: жергiлiктi бюдет 28 млн. 389,6 мың теңге, Республикалық бюджет — 16 млн. 808,6 мың теңге.
2016 жылдың «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшiншi бағытының аясында Оңтүстiк-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан қоныс аударушыларды жайластыру туралы
2016 жылы Жамбыл ауданында қоныс аударуға 8 қоныс аударушылар отбасы және 7 оралмандар отбасы квота құрды. Бүгiнгi күнi қоныс аударушылардың 14 отбасы көштi: Оңтүстiк Қазақстан облысы — 12 отбасы, Жамбыл облысы — 1 отбасы және Қызылорда отбасы — 1 отбасы, 63 адам. Сондай-ақ жұмысқа жарамды жастағылар 23 адам, мекеп жасындағылар 25 адам, мектепке дейiнгi жастағылар 13 адам, студент 1 адам, зейнеткер 1 адам. 2016 жылы көшуге арналған көмекқаржы 7,569 млн. теңгенi құрады. 2017 жылғы 1 қаңтарға құжаттардың толық пакетiн берген 13 отбасына 4,941 млн. теңге төлендi.
Преснов ауылдық округi 2 отбасы қабылданды:
М.А. Валиеваның отбасы (құрамы 4 адам) Пресновка а. тұрады — жалдамалы тұрғын үй, 5155 теңге ай сайынғы төлеммен, еңбекке жарамды отбасы мүшелерi жұмысқа орналастырылды, балалар «Айнагүл» балабақшасына қабылданды. Көшуге арналған көмекқаржы 328 755 теңге сомасында төлендi, отынмен жабдықталған.
Д.Р. Тасбулатованың отбасы (құрамы 4 адам) Пресновка а. тұрады — жалдамалы тұрғын үй, жұбайы Жамбыл ауданының әлеуметтiк қызмет көрсету орталығында санитар болып жұмыс iстейдi, әйелi «Ауыл арайы» газет редакциясында жұмыс iстейдi. 328 755 теңге көмекқаржы төлендi, отынмен жабдықталған.
Жамбыл ауылдық округi 2 отбасы қабылданды:
Н.К. Сарыбаевтың отбасы (құрамы 4 адам) Есперлi а. тұрады, жұбайы Есперлi ОМ информатика пәнiнiң мұғалiмi болып, әйелi Есперлi ОМ биология пәнiнiң мұғалiмi ретiнде жұмысқа орналастырылды, жалдамалы тұрғын үй. 328 755 теңге көмекқаржы төлендi.
П.Ш. Макульбекованың отбасы (құрамы 4 адам) Есперлi а. тұрады, жұбайы Есперлi ОМ қазандығында жұмыс iстейдi және әйелi Есперлi ОМ бастауыш сыныптар мұғалiмi жұмысқа орналасты. Көшуге арналған көмекқаржы 328 755 теңге мөлшерiнде төлендi. Тұрғын үй жалдамалы.
Кладбинка ауылдық округi 1 отбасы қабылданды.
Н.М. Айтмуханбетованың (құрамы 7 адам) Кладбинка а. тұрады, тұрғын үй өз қаражаттарына сатып алынды, мал шаруашылығымен айналысады. Жұмысқа орналасудан бас тартты, отынды өздерi сатып алды.көшiге арналған көмекқаржы 551 460 теңге мөлшерiнде төлендi.
Благовешенка ауылдық округi 2 отбасы қабылданды:
С. Жапбасбаеваның отбасы (құрамы 10 адам) Майбалық а. тұрады — тұрғын үй жалдамалы, әйелi Майбалық а. мини центiрiнде тәрбиешi болып жұмыс iстейдi, жұбай жұмыс iстемейдi. Отбасында мектеп жасындағылар 4 адам, мектепке дейiнгi жастағылар 2 адам, 2 бала колледж аяқтады. Көшуге арналған көмекқаржы 774 165 теңге сомасы төлендi.
У.О. Балгабаеваның отбасы (құрамы 7 адам) Майбалық а. тұрды — тұрғын үй өз қаражаттарына сатып алынды. Майбалық ОМ бастауыш сыныптар мұғалiмi болып жұмысқа орналасты, жұбайы жұмыс iстемейдi. Көшуге арналған көмекқаржы 551 460 теңге сомасы төлендi. Жұбайына келесi жұмыстар ұсынылды: қоғамдық жұмыстар, 18 пәтерлi т.ү. құрлысына жұмысшы ретiнде, шаруа қожалығына жұмысшы ретiнде (бақташы) бас тартты. Күнкөрiсi төмен отбасы ретiнде тоқсан сайын 35 745 теңге Мемлекеттiк балаларға арналған жәрдемақы алды. Азық-түлiкпен, отынмен көмек көрсетiлдi.
Мирный ауылдық округi 2 отбасы қабылданды:
Б.С. Алтаеваның отбасы (құрамы 2 адам) Мирный а. тұрады, тұрғын үй жалдамалы, Мирный ОМ бастауыш сыныптар мұғалiмi болып жұмыс iстейдi. Көшуге арналған көмекқаржы 180 285 теңге сомасында есептелдi.
С.С. Исаковтың отбасы (құрамы 6 адам) Петровка а. тұрады — жалдамалы тұрғын үй, Петровка ОМ бастауыш сынып мұғалiмi болып жұмысқа орналасты, әйелi Петровка ОМ жинаушы. Көмекқаржы 477 225 теңге мөлшерiнде төлендi.
Қайранкөл ауылдық округi 3 отбасы қабылданды:
А.Е. Амированың отбасы (құрамы 3 адам) Украинск а. тұрады, «Солтүстiк-Жер» ЖШС күзетшi болып жұмысқа орналасты, жалдамалы тұрғын үй. 2 мектеп оқушысы бар. Көшуге арналған көмекқаржысы 254 520 теңге сомасында бөлiндi.
А.К. Тайшибекованың отбасы (құрамы 2 адам) Қайранкөл а. тұрады, Қайранкөл ОМ география және тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде жұмысқа орналасты, анасы зейнеткер, Тұрғын үй жалдамалы. Көшуге арналған көмекқаржы 180 285 теңге сомасында есептелдi.
А.А. Байкадамованың отбасы (құрамы 2 адам) Қайранкөл а. тұрады, Қайранкөл ОМ ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi болып жұмыс iстейдi, жалдамалы тұрғын үй.
Казанка ауылдық округi 1 отбасы қабылданды:
С.Т. Алиеваның отбасы (құрамы 6 адам) Казанка а. тұрады, жалдамалы тұрғын үй, әйелi Казанка ОМ ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi ретiнде жұмысқа орналасты, жұбайы мектепте от жағушы болып жұмыс iстейдi. Көмекқаржы 477 225 теңге мөлшерiнде төлендi.
Майбалық ауылдық округi 1 отбасы қабылданды:
Р.А. Отарбекованың отбасы (құрамы 2 адам) Жанажол а. тұрады, Ғ. Мүсiрепов атындағы Жанажол ОМ информатика пәнiнiң мұғалiмi ретiнде жұмыс iстейдi. Көшуге арналған көмекқаржы 180 285 теңге сомасында төлендi.
2017 жылы қоныс аударушылар бойынша жоспар 15 отбасы, сондай-ақ оралмандар 7 отбасы, қоныс аударушылар 8 отбасы, барлығы 75 адам. Көшуге арналған көмекқаржы 5,957 млн. теңге.
Жалдамалы тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге көмекқаржысы 8,596 млн. теңге. Жамбыл, Архангелка, Пресновка, Благовещенка, Қайранкөл ауылдық округтерде қоныстандыру жоспарланған.
Талап етiлетiн мамандықтар: механизаторлар, дәрiгерлер, бухгалтерлер, мұғалiмдер.
Бөлiм басшысы А. Сейiтов