Меню

Страницы

Статья

Бюджеттік комиссиясы

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы қарашадағы № қаулысына 3 қосымша (ZIP 12 Kb)

Жоба Аудандық бюджеттiк комиссия құру туралы

«Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-6)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк кодексiнiң 57-бабы 4-тармағына сәйкес Жамбыл аудан әкiмдiгi қаулы етедi:

  1. Аудандық бюджеттiк комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын;
  2. Комиссия туралы Ереже 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн;
  3. 3-қосымшаға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң кейбiр қауылдарының күшi жойылсын;
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелсiн.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа еңгiзiледi.

Аудан әкімдігінің
2021 жылғы
« » тамыздағы №
қаулысына
қосымша

Аудандық бюджеттік комиссия құрамы

Ескендіров Марат Мәкенұлы

аудан әкімі, комиссия төрағасы;

Шәйменова Айгүл Қабиқызы

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Қоржынқұлова Ғалия Абайқызы

«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Әубәкіров Санат Амангелдіұлы

аудан әкімінің орынбасары;

Пестова Елена Михайловна

адандық әкім аппаратының жетекшісі;

Молдағалиев Бауржан Сейдешұлы

«СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

Садықов Марат Мұхтарбекұлы

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (келісім бойынша);

Әбілмәжінов Олжас Жамбылұлы

СҚО Жамбыл ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры (келісім бойынша)

Садыков Равиль Сиреневич

аудандық маслихатының депутаты;

Моисеенко Иван Анатольевич

жеке кәсіпкер (келісім бойынша);

Иманжанов Тұрмыс Мәдениетұлы

«Благовещенка селолық округi әкiмінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі 

Шихова Юлия Валерьевна

«Пресновка селолық округi әкiмінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі 

 

Аудан әкiмдiгiнiң 2017 жылдың
«15» қарашадағы №265 қаулысына
2 қосымша

Аудандық бюджет комиссия туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Аудандық бюджет комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрi — Ереже) тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн аудандық бюджет комиссиясының (бұдан әрi — комиссия) қызметiн реттейдi.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi , Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды.

Комиссия қызметiнiң мақсаттары

3. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджеттiң жобасын және аудандық бюджеттiң уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз ету мен республикалық бюджеттi нақтылау және атқару жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.

Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы жөнiнде ұсыныстарды тұжырымдау;

1-1) аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерi және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

2) жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет жобасының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстарды тұжырымдау;

3) аудандық бюджеттiң түсiмдерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

4) аудандық бюджеттi нақтылау жөнiнде ұсыныстарды тұжырымдау;

5) бюджеттiк мониторингтiң нәтижелерiн, нәтижелерге жүргiзiлген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

6) Бюджет кодексiнде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктер болып табылады.

5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi, оның iшiнде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды;

объектiлер бөлiнiсiнде жоспарлы кезеңге басымдылық жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзiмi, сондай-ақ жоспарлы кезеңге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерiн және кредиттердi;

2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;

аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерi және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;

бюджеттiк мониторинг нәтижелерi мен жүргiзiлген бағалау нәтижелерi;

бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның және бюджеттiк бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк өтiнiмдер және бюджеттiк бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстары және бюджеттiң орындалуы;

жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы;

аудандық бюджетiнiң түсiмдерiнiң қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтiн нормативтi-құқықтық алтiлерi жобалары;

аудандық бюджеттi нақтылау, секвестрлеу және түзету;

бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау және бюджеттi орындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу;

мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларының, оның iшiнде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру;

бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптама жүргiзу;

бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын, оның iшiнде концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердi қаржыландыру көлемi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Комиссияның құқықтары

6. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:

1) аудандық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге;

3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдар сұратуға және оларды алуға;

4) комиссияның мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органның және ұйымның бiрiншi басшыларын, ал олар болмағанда — бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

5)комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелердi қарау үшiн тақырыптық блоктар бойынша кiшi комиссиялар құруға құқылы.

5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметiнiң тәртiбi

7. Комиссияның құрамын аудандық әкiмдiкпен белгiлейдi.

8. Комиссия құрамына:

1) комиссия төрағасы;

2) комиссия төрағасының орынбасарлары;

3) комиссия хатшысы;

4) комиссия мүшелерi кiредi.

9. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, комиссия отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының iске асырылуы үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

10. Комиссия хатшысы комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

11. Комиссия мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

12. Жұмыстың жоспар-кестесiн комиссия белгiлейдi. Аудандық бюджет жоспарын әзiрлеген кезiнде комиссия жұмысының жоспар-кестесi жергiлiктi бюджет жоспарларының әзiрлеу ережесiмен белгiленген мерзiмiне сейкес анықталады.

13. Комиссияның шешiмдерi комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен, сондай-ақ сауалдама жүргiзу жолымен қабылданады және олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

14.Комиссия қабылдаған шешiм комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және комиссияның барлық мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiретiн хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда комиссия хаттамасына қоса тiгiлетiн өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге құқылы.

15. Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында ол қабылдаған шешiмдердi барлық мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде қарауға және көрсетiлген мерзiмде орындауға тиiс.

16.Комиссияның жұмыс органы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган болып табылады.

Комиссия қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және айқындайды.

17.Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн комиссияның жұмыс органы шешедi.

Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелердi жұмыс органы жиырма жұмыс күнiнен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакетi болған жағдайда комиссияның қарауына шығарады.

Жұмыс органы комиссия отырысында қарау үшiн материалдарды комиссия мүшелерiне отырыс өткiзiлетiн күнге дейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiбередi.

18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзiмге және күн тәртiбiне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелерiне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, комиссия мүшелерiне, мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешiмдерiнен үзiндiлер жiберу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.

6. Комиссияның қызметiн тоқтату

19. Комиссия қызметiн тоқтату туралы аудандық әкiмдiгiнiң шешiм қабылдауы комиссияның қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.

Дата публикации
22 ноября 2021
Дата обновления
22 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы