Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және басқа да көмектi ұйымдастыру жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң отырысын жүргiзу жоспарына сәйкес 2015 жылы Үйлестiру кеңесiнiң 1 тоқсан сайынғы отырысы өткiзiлдi,онда келесi мәселелер қарастырылды:
Бас бостандығынан айыру орындарынан келген тұлғалармен жұмыс аудандық iшкi iстерi бөлiмiмен және селолық округтердегi учаскелiк инспекторлармен әзiрленген жоспарға сәйкес, келiсiммен жүргiзiледi. Ай сайын, бас бостандығынан айыру орындарынан келген тұлғалардың тiзiмi жасалады.
Учаскелiк инспекторлармен және селолық округтердiң әкiмдерiмен бiрлесе отырып жұмысқа орналастыру бойынша iс-шаралар жүргiзiледi. Барлық сотталғандарға Қазақстан республикасы Үкiметiнiң 2014 жылдың 23 қазанындағы № 1131 Қаулысына сәйкес, қажетiнше әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетiледi, атап айтқанда бiлiм алу, мамандықты меңгеру, жұмысқа орналастыру, емдеу, құқықтық көмекпен қамтамасыз ету.
Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде осы санаттағы тұлғалармен жұмыс iстейтiн құрамында бес адамы бар жұмыс тобы тұрақты түрде жұмыс iстейдi, сонымен қатар, ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарының пункттерi құрылды.
Пробация қызметi бойынша әр шартты сотталған тұлғаға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсететiн жеке бағдарлама ұсынылады.
Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен атқаратын мекемелер қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң тоқсан сайындық отырыстарын өткiзудiң жоспары Zip (5 Kb)