Меню

Страницы

Статья

Аймақтық жоспардың орындалуы

2017 жылға Жамбыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

№ Іс-шараның атауы Орындалуы
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік басқару» бөлімінде «Жемқорлыққа қарсы» жинағы жұмыс істейді, осы Интернет-ресурста жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылады.
2 Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу 2017 жылдың 26 маусымында «Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеитті қалыптастыру» мәселесі Қоғамдық кеңес отырысында қарастырылды.
27 қарашада Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінде «Жемқорлыққа қарсы әрекет етуде азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек стол-семинар өткізілді, сонымен қатар «Жамбыл ауданында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» мәселесі қарастырылды.
2017 жылдың 28 қараша «Жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Қазақстан Республикасы заңын жүзеге асыру туралы» мәселе Жамбыл ауданы әкімдігінің отырысында қарастырылды.
3 Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту Жамбыл ауданының 35 жалпы орта білім беру мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті клубтары өз жұмыстарын жүргізеді, оған 1-11 сыныптар аралығындағы 2914 бала кіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігімен 2017 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспар өңделді, соның негізінде әр мектепте мектеп клубтарының жоспарлары әзірленді. Әр мектепте «Парасатты азамат» бұрыштары және стендтері рәсімделді. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру» бөлімінің аясында ағымдағы жылы білім саласында бірнеше іс-шараларды өткізу жоспарланған: 1. Өнегелік-рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру (1-11 сынып оқушылары). 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған балалардың театрлық көріністерін ұйымдастыру. 3. Ашық және қоғамға есепті мемлекетті қалыптастыруға бағытталған үздік бейне роликтерге оқушылардың арасында байқау өткізу. 4. Оқушылар арасында адалдық, шындық, принциптерін ашатын «Сатылмайтын еңбек» үздік суреттер байқауын өткізу. 5. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауын ұйымдастыру.
4 Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау Жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарын орындау барысы туралы ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған
5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру Жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру туралы жыл сайынғы есеп жергілікті БАҚ-да орналастырылатын болады.
Дата публикации
09 марта 2021
Дата обновления
09 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы