Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық материалдар

 

Мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Қызылжар-адалдық алаңы» жобалық кеңсесi бойынша түсiндiрме жұмысы өткiзiлдi

 

Өз үлесiңдi қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күнi Солтүстiк Қазақстанда «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi өз есiгiн айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейiн қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттiк билiк институттарына сенiмiн арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру.

Аталған салалар бiрқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: бiлiм беру; денсаулық сақтау; әлеуметтiк қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттiк кiрiс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi.

Жобалық кеңсе — кешендi талдау негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттiк органдарды «Қайта жүктейдi».

Осыған байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттiк органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелердi және кеңестердi sqoalaldyk@gmail.com поштаға жiберулерiңiздi немесе 8(7152)460681, 46-58-89 нөмiрi бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Дата публикации
09 марта 2021
Дата обновления
09 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы