2025 жылғы 4 тоқсандағы кірістер мен шығыстар бойынша Жамбыл ауданы бюджетінің атқарылуы туралы ақпарат
Кірістер
2025 жылғы 4 тоқсанда аудандық бюджеттің меншікті кірістері бойынша атқарылу 1 млрд. 559 млн. 254,5 мың. теңгені құрады, нақтыланған жоспар бойынша 1 млрд. 441 млн. 186,5 мың. теңге, немесе 108,2%.
Жоспар бойынша 3 276 766,4 мың. теңге трансферттер толық көлемде түсті.
Облыстық бюджетке 1 млрд. 476 млн. 791,5 мың. теңге жоспар болғанда, 1 млрд. 575 млн. 806,2 мың. теңге, немесе 106,7% түсті.
Шығыстар
2025 жылғы 4 тоқсанда аудандық бюджет шығыстары бойынша нақтыланған жоспар 4 млрд. 942 млн. 955,7 мың. теңге сомасында болғанда, нақты атқарылу 4 млрд. 942 млн. 056,0 мың. теңгені немесе 100%-ды құрады, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару жоспары 1 млрд. 479 млн. 561,8 мың. теңге болған кезде, нақты орындалу 1 млрд. 479 млн. 503,2 мың теңгені немесе 100 %-ды құрады.