Жамбыл ауданын дамытудың басымдықтары Қазақстан халқына Жолдаудың міндеттеріне, облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес белгіленді. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, ауданның әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Жалпы, жыл ішінде барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.
Агроөнеркәсіптік кешені
Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды
2024 жылы аудан бойынша 67 млрд.531 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірілді (2023 жылы 56 млрд. 711 млн. теңге). Нақты көлем индексі 2023 жылдың тиісті кезеңіне -138 % құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі- 58 млрд.666 млн. теңге (145,5%) мал шаруашылығы өнімі - 8 млрд. 601 млн. теңге (101%).
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 248 ауыл шаруашылығы құрылымдары айналысады, оларда ауданның экономикалық белсенді халқының 45% - дан астамы жұмыс істейді .
Егіс алқаптарының жалпы құрылымында 70 пайыздан астамы дәнді және бұршақты дақылдарға, 20,5 пайызы майлы дақылдарға бөлінген.
Жемшөп дақылдары -18,3 мың га, картоп - 458 га, көкөністер - 29,4 га аумаққа орналастырылған.
Көктемгі-жазғы кезеңде жалпы алаңы - 294,7 мың гектарға 19 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар (2023 жылы - 13,6 тонна) енгізілді.
Айта кету керек, соңғы жылдары қолданылатын тыңайтқыштардың көлемі 1- 5 есе өсті (мысалы, 2015 жылы барлығы 891 тонна, 2018 жылы - 10067 тонна, 2021 жылы - 15543 тонна, 2023 жылы - 13600 тонна).
Жазғы кезеңде ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық қажетті агротехникалық іс шараларды өткізді: химиялық жолмен арам шөптерден тазарту - 207,0 мың га алаңда өткізілді, бұл тапсырманың - 100% құрайды.
33,2 мың га жерге жырту жүргізілді.
Жыл сайын агроқұрылымдардың машина-трактор паркі толықтырылады. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдары 4 млрд. 541 млн. теңге сомасына 151 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. (2023 жылы 5 млрд.443 млн. теңге сомасына 113 бірлік техника сатып алынды). Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту ағымдағы жылы да жалғасатын болады.
Егін жинау қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа астықтың жалпы жиналуы 457,0 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі 19,7 ц/га (2023 жылы 311,3 мың тонна өнімділігі 13,2 ц/га), майлы дақылдар 86,9 мың тонна өнімділігі 13,5 ц/га (2023 жылы 49 мың тонна өнімділігі 7,9 ц / га).
2025 жылғы егіске 190 мың га, сүдігер дайындалды.
38,6 мың тонна тұқым себілді, барлық тұқымдар сапасына тексеруден өтті, 34,1 мың тонна немесе 93,1% 1-2 классқа сәйкес келеді.
Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету үшін - 85,6 мың тонна шөп, жоспар бойынша - 57,0 мың тонна немесе 150,2% дайындалды. Пішендеме - 9,9 мың тонна, жоспар бойынша 8,3 мың тонна немесе 119% дайындалды. Ауылшаруашылық жануарларының саны аздап азайды.
Өнім өндірісінің көрсеткіші: ет 4 мың тонна немесе 96,2% (2023 жылы 3,5 мың тонна), сүт 14,2 мың тонна немесе 107,6% (2023 жылы 12,6 мың тонна), жұмыртқа – 5764,3 мың дана немесе өткен жылдың деңгейіне 100% (2023 жылы 5620,3 мың дана).
Ағымдағы жылы Пресновка ауылындағы «Агротехника Жамбыл» ЖШС-де 400 сиырға арналған СТФ салу жобасын аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны-2,4 млрд. теңге.
«Солтүстік» ӘКК-нен СТФ-на 800 млн. теңге сомасында кредит алынды, сауу жабдығы сатып алынды. Голштейн тұқымды ірі қара малын Еуропадан әкелу жоспарлануда.
Жер қатынастары
2024 жыл ішінде ауданда пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі жылдық жоспарды орындау үшін мемлекет меншігіне қайтарылды, барлығы-8067 га, 116% орындалды.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі - 2024 жылы 2,4 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп құрылымында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі - 23,5% - ды құрайды.
Ауданда Благовещенка ауылында «Династия Агро» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу цехы жұмыс істейді. Кәсіпорын зығыр, күнбағыс және рапс майын, сондай-ақ торт жасайды. Өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және Қытайға, Жапонияға, Ресей Федерациясына, Польшаға экспортталады.
Ет өнімдерін қайта өңдеу, жартылай фабрикаттар, «Астық» ш/қ шұжық өнімдерін дайындау бойынша шағын цех (бас. Д. Ө.Жақыпов, Кабань ауылы). Өнімдер аудан дүкендерінде сатылады.
Пресноредуть ауылында «Медний» ЖШС наубайханасы ашылды. Өндіріс қуаттылығы тәулігіне 600 тоқаш және нан-тоқаш өнімдерін өндіру, 2 жұмыс орны құрылды.
2025 жылы 180 млн.теңгеге Пресноредуть ауылында «Медний» ЖШС астығын тазарту және кептіру бойынша механикаландырылған қырман салу жоспарлануда.
Пресновка ауылының «Шатило и К» ЖШС «Пресновское ЖПП» 10 жұмыс орнын құра отырып, қырман шаруашылығын 2,3 млрд.теңге сомасына кеңейту.
Инвестициялық іс әрекет.
2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15 млрд. 75 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ 108,9%, оның ішінде жеке инвестициялар 12 млрд. 78 млн.теңге НКИ 109,1 %, бюджеттік инвестициялар 2 млрд.997 млн. теңге.
Кәсіпкерлік белсенділік ауданда да өсу жалғасуда.
Қазіргі уақытта ауданда 838 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі -12 айда 6,3 млрд.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 110% -. құрады.
2024 жылы төрт аралас тауарлар дүкені ашылып, аудан орталығында 6 жұмыс орны құрылды («Байбатчанов Г.К.» ЖК, «Иванова» ЖК, «Пушкарев И. А.» ЖК, «Лихачева А. И.» ЖК). Ағымдағы жылы «Мегабит» дүкенінің сауда алаңдарын Пресновка ауылының «Рахматуллина» ЖК 300 шаршы метрге 50 млн.теңгеге кеңейту жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 25 адамнан тұратын алдын ала тізім қалыптастырылды, бірақ өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Ниет білдірушілер өтініш бере алады. 2023 жылы 10 адам бизнесті одан әрі дамыту үшін қаражат алды (80 млн.теңге). Бағдарламаға 6 ауылдық округтер Пресновка, Благовещенка, Архангелка, Мирный, Кладбинка, Казанка қатысты. (Анықтама: мақұлданған жобалар-айналым қаражатын кеңейту, толықтыру және ТҚҚ және қосалқы бөлшектер дүкенін жаңғырту -1 жоба, а/ш малдарын (ІҚМ, жылқы) сатып алу -7 жоба, аралаушыға қызмет көрсету үшін трактор сатып алу -1 жоба, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары - 1 жоба.)
Жолдар
Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 425 км, оның ішінде (асфальтбетон жабыны - 43 км, қиыршық тас жабыны -232 км, топырақ жамылғысы -150 км). Ауданның аудандық маңызы бар автожолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі бүгінгі күні 80% -. құрайды.
Соңғы 3 жылда аудандық маңызы бар жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге 2,9 млрд.теңге бөлініп, 100 шақырымға жуық аудандық жол жөнделді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2024 жылы «Железное – облыс шекарасы», «Буденное – Кабань», «Пресноредуть – облыс шекарасы» жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022-2024 жылдар аралығында 21 кентішілік жол жөнделді, 684,7 млн. теңге жұмсалды. Өткен жылы «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында Пресновка, Буденное ауылдарындағы жолдарды орташа жөндеу бойынша 2 жылдық (2023-2024жж) жобалады жүзеге асырур аяқталды, 2 жыл ішінде шығындардың жалпы сомасы - 356,1 млн.теңгені құрады. Сондай-ақ, 2024 жылы Благовещенка, Троицкое және Қайранкөл ауылдарындағы кентішілік жолдарға ағымдағы және орташа жөндеу жүргізілді, оларға 116,8 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.
2025 жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жобаларды іске асыру үшін 450 млн.теңге сомасында жартылай қаржы бөлінді, оның ішінде: «Мирное ауылы-Айымжан - а/ж Пресновка – Қайранкөл» (150 млн. т.), Казанка ауылына кіреберіс (300 млн. т.).
2025 жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жобаларды іске асыру үшін 450 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді, оның ішінде: «Мирное ауылы-Айымжан - а / д Пресновка-Қайранкөл» (150 млн.т.), Казанка ауылына кіреберіс (300 млн. т.).
Бұдан басқа, «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 елді мекенде жалпы сомасы - 290 млн. теңгеге 9 кентішілік жолды орташа жөндеуге қаражат бөлінді, оның ішінде: Қайранкөл ауылындағы - 3 көше, сомасы - 40 млн. т., Троицкое ауылының - 2 көшесі, сомасы - 150 млн. т., Пресноредуть ауылындағы - 4 көше, сомасы- 100 млн. т.
Аудандық бюджеттен Святодуховка ауылының Паризанская көшесіне орташа жөндеу жүргізу үшін 36,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сумен қамтамасыз ету
Сумен қамтамасыз ету-өмір сапасын жақсартудың тағы бір маңызды аспектісі. Бүгінде ауданның 42 елді мекеніндегі халықтың 87% - сумен қамтамасыз етілген. 2024 жылы ауданның сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуына 107,1 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді (2023 жылы - 285,8 млн.теңге). Аудан орталығындағы су құбырының тарату желілеріне 1400-ден астам үй және 70 ұйым мен кәсіпорын қосылған.
2024 жылы Пресновка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне қосылған су мұнарасы орнатылды.
Благовещенка ауылында Блокты-модульді сорғы станциясын орната отырып, таза су резервуарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2025 жылы ТСР-н сумен жабдықтаудың таратушы желілеріне қосу үшін 12 млн.теңге қаржы жоспарланған.
2024 жылы Есіл топтық су құбырынан Благовещенка ауылына дейін бұрма салу үшін сметалық жобалау құжаттамасы әзірленді. Ведомстводан тыс сараптамадан өткеннен кейін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берілетін болады.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген 6 елді мекен бар, Баян, Айтуар, Қарағаш, Ястребинка, Симаки және Ольговка ауылдарының тұрғындары құдықтар мен ұңғымалардан суды пайдаланады.
Айтуар, Баян ауылдарына суды тазартудың кешенді блок-модульдері және Пресноредуть ауылының су тарату желілері үшін жинақтаушы сыйымдылық сатып алынды.
Жамбыл, Казанка ауылдарында 29,2 млн. теңгеге су құбырының тарату желілеріне жөндеу жүргізілді.
2025 жылы аудан орталығының Подгорная көшесіндегі сыртқы су құбыры желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, жобаның құны 1,9 мл. теңгені құрайды. Кабань және Симаки ауылдарында суды тазарту үшін блок-модульдерді сатып алуға қаражат бөлінді.
Облыстық бюджеттен су құбыры желілеріндегі апаттарды жою үшін арнайы техника сатып алуға 40 млн. теңге қаржы бөлінді.
Тимирязев ауданы Целинное ауылынан Озерное ауылына дейін топтық су құбырын салу үшін сметалық жобалау құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда. Бауман ауылында (23 аула) барлық үй иелері «Qranary Kazakhstan» ЖШС есебінен суға қосылған.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде халықты таза ауыз сумен қамту 96% -. құрайды, кейіннен бұл көрсеткіш 100 пайызға дейін жеткізілетін болады
АБАТАНДЫРУ
Жамбылдықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын кеңінен қолдады.Әр елді мекенде апта сайын сенбіліктер, экологиялық акциялар өткізілді.
Бұл жұмысқа ауданның агроқұрылымдары да тартылды. Нәтижесінде әлеуметтік нысандардың, мектептердің, балабақшалардың және денсаулық сақтау нысандарының 63 аумағы абаттандырылды.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында полигондарда бұрғылау жұмыстары жүргізілді, 25 полигон жойылды.
Ауданның елді мекендерінде 2 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды. 5 жаңа аялдама, 9 жаяу жүргіншілер өткелі, 4 балалар ойын алаңы орнатылды.
2024 жылы Благовещенка ауылының жүгіру жолын (тартанмен қапталған) орнатуға қаражат бөлінді, оған 14,9 млн.теңге жұмсалды.
Қайранкөл, Озерное, Железное, Пресноредуть ауылдарында 5,9 млн. теңге сомасына көше жарығын жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы Пресновка ауылында Пионерская (кіру тобы) көшесі бойынша 7,9 млн.теңге сомасына жарық беру жоспарлануда.
Аудан орталығында ауылдың орталық бөлігін абаттандыру жобасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы төсеніш төсеу, жүгіру жолын орнату жұмыстары жүргізілді, биыл қалған сомаға шағын сәулет нысандарын, балалар мен воркаут алаңдарын, шамдарды орнату жоспарлануда.
2025 жылы аудан орталығында екі балалар ойын алаңын орнату жоспарлануда.
ҚҰРЫЛЫС
2024 жылдың 12 айында құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 4 млрд.775 млн. 200 мың теңгені құрады, бұл аудандағы құрылыс секторының белсенді дамуын растайды. Жұмыстың нақты көлемінің индексі - 118,2% құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өскенін көрсетеді.
Есепті кезеңде 8244 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл жоспарланған көрсеткіштен (7350 ш. м.) асады және нақты көлем индексіне 112,8% сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте 197 адам тұр (оның ішінде: 73 – жетім балалар,10-көп балалы аналар, 57 – халықтың әлеуметтік осал топтары,1 – апатты тұрғын үйде тұратын, 56 – бюджетегілер және мемлекеттік қызметкерлер).
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес 127 бірлік тұрғын үй сатып алуға қаражат көзделген. Бұл азаматтардың өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартады және кезек мәселесін шешуге көмектеседі.
2023 жылы жалпы алаңы - 978,5 ш.м. 19 пәтер сатып алынды, 2024 жылы ішкі қарыздар мен нысаналы трансферттер есебінен (1,6 млрд. теңге) 108 бірлік тұрғын үй сатып алынды. 2024 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында тұрғын үй комиссиясы шеңберінде 9 отырыс өткізілді, соның нәтижесінде 60 адам қоныстанды, оның ішінде: 23 – жетім балалар, 5-көп балалы аналар, 5-мүгедек адамдар, 1-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, 4-жасы бойынша зейнеткерлер, 1 - апатты тұрғын үй, 21-толық емес отбасылар.
Сонымен қатар, ауданда ауылшаруашылық құрылымдары есебінен тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, мысалы:
Пресноредуть ауылында «Турнов» ЖШС (директоры – М.В. Турнов) 2 тұрғын үй салды;
Троицкое ауылында «МАК» фирмасы (К.Ғ. Құсайынов) 1 үйдің құрылысын аяқтайды.Буденное ауылында «Астық» ш/қ (Д.О. Жакыпов) жаңа үй салып жатыр.
Жалпы, аудандағы құрылыс қызметі мен тұрғын үй бағдарламалары оң динамиканы көрсетуде. Инвесторларды тарту және жаңа объектілерді белсенді салу бойынша қабылданған шаралар халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.
2025 жылы Пресновка ауылында жоғары вольтты желіні (ӘЖ-0,4 кВ) және трансформаторлық қосалқы станцияны (КТПН 10/0,4 кВ) салу жоспарланған, жобаның құны 700 млн.теңгеден асады.
Келесі жобаларға жобалық-сметалық құжаттама бар:
- Стадион құрылысы
- Жамбыл ауылындағы мәдени-демалыс орталығы ретінде сауда орталығын қайта жобалап жаңартып салу;
- Озерное ауылындағы мәдени-демалыс орталығы ретінде кеңсе ғимаратын қайта жобалап жаңартып салу;
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.
Пресновка ауылында орталық қазандықтың құрылысына сметалық-жобалау құжаттамасын әзірлеуді жалғастыруға қаражат бөлінді, бұл ұйым мен ауылдың жеке секторын орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды көшіру
Ауданда азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 55 адамды құрады. Жұмыс күшінің ішінде тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5% -. құрады. 2024 жылы жалпы жұмыспен қамту көрсеткіші 1175 адамды құрады, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 808 адам, уақытша жұмыс орындарына 367 адам.
Аз қамтылған отбасылар мен көмекке мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау маңызды бағыт болып қала береді. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек 123 отбасына берілді және бұл көмекке 30,4 млн.теңгеден астам қаражат бағытталды.
Өмірлік қиын жағдайда қалған ардагерлерге, мүгедектерге, азаматтарға көзделген әлеуметтік көмек толық көлемде төленді.
Ауданда мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды бейімдеу міндеті де белсенді шешілуде: 2024 жылы 28 нысанда қолжетімділік қамтамасыз етілді, 2025 жылы бұл жұмыс жалғастырылатын болады.
2024 жылы адамдарды оқытуға бағыттау жоспары толығымен орындалды, бұл көптеген адамдарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Оқыту тракторшы-механизатор, аспаз, тігінші сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыс орындарында жүргізілді.
Өз бизнесін ашу үшін дүкендерге жабдықтар сатып алудан бастап агроөнеркәсіптік салада өндірісті ұйымдастыруға дейін14 грант берілді. Грант алушылар - көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектер, қоныс аударушылар, сондай-ақ халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары.
Азаматтарды көшіру
Азаматтарды жұмыс күші артық аймақтардан өңіраралық көшіру мәселесі де өзекті болып қала береді.2024 жылы Жамбыл ауданына ауданның 9 елді мекеніне 138 адамнан тұратын 42 отбасы көшіп келді. (анықтама үшін: жоспар-48 отбасы Пресновка а.– 20, Пресноредуть а. – 1, Баян а. – 3, Айымжан а. – 4, Жамбыл а. -6, Мирное а.-1, Архангелка а.-2, Благовещенка а.-3, Бауман а.-2). Бұл отбасыларға көшуге субсидия төлеу және тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындарды өтеу түрінде қолдау көрсетілді. Тұрғын үй сатып алу үшін 8 - экономикалық ұтқырлық сертификаты бер
Білім
2024-2025 оқу жылында ауданның білімі беру жүйесін 24 білім беру ұйымы ұсынады, оның 21-і орта және 3-і негізгі. Білім алушылардың жалпы контингенті 2457 оқушыны құрайды. Ағымдағы жылы «Архангелка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, – 85,4 млн.теңгеге, «Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - 100,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Сомасы 314,2 млн. теңгеге Преснов мектебінің жанындағы интернатқа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, сомасы 12,6 млн. теңгеге «Қайранкөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сомасы 18,7 млн. теңгеге «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ санитарлық торабына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан мектептеріне 21,1 млн. теңгеге жылыту қазандықтары мен қазандық жабдықтары сатып алынды. Балаларды қауіпсіз және жайлы тасымалдау үшін 33,1 млн. теңге сомасына екі автобус сатып алынды.
5 мектепті жаңғырту аясында: «Кладбинка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Қайранкөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Архангелка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 31,8 млн. теңге сомасына спорттық құралдар, 33,1 млн. теңгеге асхана жабдығы, 24,8 млн. теңге сомасына 3 пәндік кабинет (физика, биология), 10,0 млн. теңге сомасына кітапханаларға арналған жиһаз, 44,4 млн. теңгеге сынып кабинеттері сатып алынды .
Балалардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігі үшін: 1,3 млн. теңге сомасына 7 білім беру объектісінде («Архангелка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Баян жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Буденное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Мирный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Пресноредут жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) дабыл түймелері, 5 объектіде: («Айымжан жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Благовещенка мектебінің жанындағы интернат, Благовещенка балабақшасы, «Сәюит Мұқанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) - 1,6 млн. теңге сомасына дауыс құралдары, сомасы 4,3 млн.теңгеге «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ турникеттер. Екі мектепте («Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «И.П. Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ) сомасы 10,3 млн. теңгеге мамандандырылған күзет қызметі енгізілді. 3 білім беру объектісіне («Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «И.П. Шухов атындағы. Преснов жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ, «Айнагүл» Бөбекжай-бақшасы) 62,3 мың теңгеге металлодетекторлар сатып алынды . Ауданның барлық мектептерінде 16,0 млн. теңге сомасына аналогтық бейнебақылау камералары цифрлық камераларға ауыстырылды.
Ауданның барлық мектептерінде 1-4 сынып оқушылары үшін, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды, 1222 оқушы қамтылды (920 оқушы – 1-4 сынып, 239 оқушы аз қамтылған отбасылардан), осы мақсаттарға 82,9 млн.теңге бөлінді.
2025 жылы «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 265,6 млн.теңгеге, «Архангелка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 74,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу, 86,0 млн. теңгеге жазғы сауықтыру лагерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Жиһаз сатып алуды жоспарлап отырмыз (38,0 млн.теңге, спорттық құралдар – 25,0 млн. теңге, асхана жабдығы – 23,0 млн. теңге.
Денсаулық сақтау
Аудандық ауруханада емдеу желісі бойынша тәулік бойғы 60 төсектік орынды стационар, 67 төсекті күндізгі стационар және ауысымда 130 адам қабылдайтын емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 34 медициналық пункт ұсынылған.
24 дәрігер мен 1 провизор, 127 орта медициналық қызметкер медициналық көмек көрсетеді. 2024 жылы 1 – гастроэнтеролог дәрігері, 1 - жалпы практика дәрігері, 1 - анестезиолог – реаниматолог дәрігері, 11 - орта медицина қызметкері келді.
2025 жылы дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 2 дәрігерді құрайды: хирург, терапевт, ОМҚ - 3.
Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін жұмысқа қосымша невропатолог, функционалдық диагностика дәрігері, рентгенолог және эндокринолог дәрігерлері тартылды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы аудан бойынша 2 денсаулық сақтау нысандары - Айымжан, Баян ауылдарында 2 медициналық пункттері салынды. 2023 жылы Кладбинка ауылында медициналық пункт салынды, Святодуховка және Жамбыл ауылында 2 жаңа ғимарат медициналық пункттерді орналастыру үшін берілді. Бұл тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін жақсарту үшін маңызды нысандар болып келеді.
93 млн. теңге сомасына емханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл сайын аурухананың материалдық – техникалық базасы нығайтылуда, соңғы 3 жылда 186 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Өз қаражаты есебінен 3,5 млн. теңге сомасына медициналық техника мен жиһаз сатып алынды.
2025 жылы бас корпустың желдету жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу және жылумен-сумен жабдықтауға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Мәдениет
2024 жылы Пресновка ауылындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу аяқталды, жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы -182,6 млн.теңгені және Баян ауылындағы мәдени-демалыс орталығын ағымдағы жөндеу (20,0 млн. теңге). 2024 жылы Буденное ауылында мәдени-демалыс орталығы ашылды, осы мақсаттарға 13,4 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, офистік жиһаз және спорттық инветарь сатып алынды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Пресноредуть ауылындағы мәдени-демалыс орталығына айналдыра отырып, бұрынғы сауда орталығының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша екі жылдық жоба басталды, жобаны аяқтау үшін 2025 жылы 61,7 млн.теңге бөлінді.
Пресновка ауылындағы өлкетану мұражайына ғимараттың сметалық жобалау құжаттамасын дайындауға қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Баян, Жаңажол ауылдарындағы клубтардың ғимараттарын күрделі жөндеуге 7,5 млн.теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат жоспарланған.
Жыл сайын мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда 2024 жылы оған шамамен 46 млн.теңге бөлінді.
2024 жылы мәдениет мекемелері бір жарым мыңнан астам іс-шара өткізді.
Дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 41,2% немесе 7300 адамды құрайды. Аудан тұрғындары үшін 118 спорт нысаны бар: стадион, хоккей корттары, спорт алаңдары, жасанды жабыны бар алаңдар, стритворкаут, тартанмен қапталған волейбол – баскетбол алаңы.
Жыл сайын материалдық-техникалық база нығайтылып, қажетті спорттық құрал-жабдықтар сатып алынады, биыл 14 млн. теңге бөлінді (2024 жылы-11 млн.т.).
Клуб мекемелері бар ауылдық округтерде әдіскерлер мен спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.
Соңғы 3 жылда ауданда 11 елді мекенде шағын футбол алаңдары салынды. 2024 жылы аудан орталығында 140 адам сыйымдылығы бар жабық мұз корты пайдалануға берілді. Онда жыл бойы, қыста хоккей, коньки тебу, жазда шағын футбол және оқу жаттығуларымен айналысуға болады.
2025 жылға Жамбыл ауылында шағын футбол алаңын салу жоспарланған, жалпы сомасы - 13 млн.т., волейбол алаңын орнатуға сметалық есеп бар. Аталған жобаларды іске асыру аудан тұрғындарына, әсіресе жастарға белсенді демалыс пен сауықтырумен айналысуға мүмкіндік береді.
2024 жылы аудан спортшылары халық спорты ойындарының 5 облыстық спартакиадасына қатысты («Север», «Ақ бидай», «Надежда», «Ұлттық түрлер», «Жастар»). Олар 7 алтын, 16 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.
2024 жылы 33 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған 1300-ден астам адам қатысты.
2025 жылға 36 «Солтүстік», «Ақ бидай», «Жастар» спорттық-бұқаралық іс-шараларын, Ұлттық түрлерді өткізу жоспарланған.
Құрметті жерлестер!
2025 жылғы іс-шаралар қатары тарихи күндермен белгіленді, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын, жерлес - жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуын атап өтеміз. Біз оларды лайықты өткізу бойынша барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, сондай-ақ барлық жоспарланған жобаларды сапалы және мерзімінде іске асырамыз.