Меню

Страницы

Статья

Саланың жай — күйі туралы жалпы мәліметтер 

2023 жылдың 1 қарашада жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 828 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 95 бірлік, ЖК – 438 бірлік, ШҚ және ФҚ – 295 бірлік.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнім шығару көлемі 1315,7 млрд. теңгені құрады, өнім шығарудың НКИ (салыстырмалы бағамен) – 125,6%.

2023 жылдың 1 шілдеге кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2439 адамды құрады, оның ішінде 855 —шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 264 — орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 777 — жеке кәсіпкерлер, 543— шаруа немесе фермер қожалықтары. ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 7,2 млн. теңге.

Ауданда кәсіпкерлердің мүдделері, олардың құқықтарын қорғау, сондай — ақ бизнесті дамыту мен жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету – «СҚО Жамбыл ауданының кәсіпкерлер одағы» ҚБ бірлестігі, СҚО Жамбыл ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалы өкілдік етеді. 

Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары 

«Ауыл АМАНАТЫ» ауыл халқының табысын арттырудың пилоттық

жобасын масштабтау бағдарламасы бойынша 

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар

Қаржыландыруға өтінім беру сәтіндегі қарыз алушының жасы 18 жастан бастап болуға тиіс және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жастан аспауға тиіс;

Дара кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы (дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативі);

Кредит беруге өтінім берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

Кредиттік бюролардың мәліметтері бойынша банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы есепті күнге (өтінім берудің ағымдағы айына) мерзімі өткен берешектің болмауы;

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

Бизнесті іске асыруды қарыз алушының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша жүзеге асыру.

Несиелеу Шарттары

Сыйақының номиналды пайыздық мөлшерлемесі — жылдық 2,5%.

Шағын несие сомасы — ауылдық елді мекендерде( олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда — 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін — 8,0 (сегіз) мың АЕК дейін;

Микрокредит мерзімі — 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі — 7 жылға дейін, бірақ бюджеттік кредит шартының қолданылу мерзімінен аспайды.

Жеңілдікті кезең: негізгі борыш пен сыйақы бойынша микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Несиелеу Бағыттары

Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында ет және сүт мал шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру;

Мал өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында жылқы шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру;

Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту) және өнім алу мақсатында қой шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру;

Өсіру, өсімін молайту (мал басын ұлғайту), бордақылау және өнім алу мақсатында құс шаруашылығы бағыты бойынша микрокредиттер беру;

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне микрокредит беру-Негізгі және айналым қаражатын сатып алу үшін;

Жылыжайларды салу және оларға қызмет көрсету үшін микрокредиттер беру;

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауарларды өндіру, өңдеу қайта өңдеу бағыты бойынша микрокредиттер;

Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу станцияларын ашу, кеңейту және жаңғырту үшін микрокредиттер беру;

Басқа бизнес — жобаларға микрокредиттер беру.

Келесі мақсаттарға қаржыландыруға тыйым салынады:

  1. Тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
  2. Бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
  3. Қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
  4. Ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты;
  6. Акцизделетін тауарлар/өнімдер шығару;
  7. Кредиторлық берешекті өтеуге:
  8. Бизнесті жүргізумен байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.

Өтінімдер құжаттар тізбесіне сәйкес қағаз жеткізгіште ағымдағы жылғы 12 маусымнан бастап «Солтүстік» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Петропавл қ., Н.Назарбаев к-сі, 69, 3 қабат, 6 кабинет мекенжайы бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Тел. 87152 502716.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну

(субсидиялау, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру, өндірістік инфрақұрылымды жүргізу)

Бизнесті дамыту үшін біздің облыста барлық мемлекеттік органдар, қаржылық және қаржылық емес даму институттары жұмылдырылған.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру, гранттық қаржыландыру алу және жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мүмкіндігі бар.

Стартап идеяларды іске асыру үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер салалық шектеулерсіз микро және шағын кәсіпкерлікті субсидиялау құралын пайдалана алады. Инвестициялық мақсаттарға арналған портфельдік субсидиялау шеңберінде кредиттің ең жоғары сомасы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 3 жыл болатын 20 млн. теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға ең көп сома – 5 млн. теңгеден аспайды, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 2 жыл. Кәсіпкер үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8%, ал ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардан келген кәсіпкерлер үшін 7% құрайды (қарыз алушы үшін номиналды және түпкілікті мөлшерлеме арасындағы айырманы мемлекет субсидиялайды).

Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда несие сомасының 85%-на дейін кепілдік тарту мүмкіндігі бар.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кредиттің ең жоғары сомасы 3 млрд. теңгеге дейін, инвестициялық мақсаттарға арналған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 жыл, айналым қаражатын толықтыруға 3 жыл, сыйақы мөлшерлемесі 8% құрайды. Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда несие сомасының 50%-на дейін кепілдік тарту мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілері инвестициялық мақсаттарға «Қарапайым заттар экономикасының» басым жобаларын Кредиттеу тетігі шеңберінде субсидиялау құралын пайдалана алады, айналым қаражатын 50% толықтырады, агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу жөніндегі айналым қаражатын 100% (26 сала) толықтырады, инвестицияларға кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін 5 жылға дейін субсидиялау мерзімімен, айналым қаражатын толықтыру – 3 жыл. Кәсіпкер үшін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8% құрайды.

Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда бір жоба шеңберінде кредит сомасының 50%-на дейін кепілдік тарту мүмкіндігі бар.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде жаңа бизнес — идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі.

Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

Бұл ретте жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

  1. кәсіпкердің оны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы;
  2. жаңа жұмыс орындарын құру;
  3. кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер, өңдеу өнеркәсібі салалары мен қызметтердің жекелеген түрлері, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын кәсіпкерлер және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алу үшін жүзеге асырылады.

Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу — газ қондырғылары.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері объектісінің аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісінің аумағында инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

2023 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны (бұдан әрі — Ұлттық жоба) іске асыруға 11,8 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде субсидиялау құралы бойынша – 9874,2 млн. теңге, мемлекеттік гранттар беруге – 37 млн. теңге, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруге – 871,6 млн. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 1 млрд. теңге).

Жыл басынан бері «Даму» Қоры арқылы 205 жоба субсидияланды, 152 жоба бойынша кепілдік берілді, инфрақұрылымды жүргізуге бір жоба мақұлданды, гранттар беру бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу 3 тоқсанға жоспарланған. 

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл ауданының филиалы 

Жамбыл ауданының Кәсіпкерлер Палатасының филиалы кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге бизнесті қолдау мен дамытудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық —консультациялық жұмыс көрсетеді.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне сервистік қызметтердің мынадай түрлері көрсетіледі: бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша бүкіл процеске консультация беру және толық сүйемелдеу, заң қызметтерін көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, қызметтер мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен, менеджмент мәселелері бойынша қызметтермен байланысты.

Консультацияларды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Пресновка ауылы, Дружба к-сі, 1а, каб. № 13, тел: 79015. 

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізімі

№

Атауы

Мекен жайы

Байланыс телефоны

1

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Петропав қ.,
 Конституции Казахстана көшесі 58, 521 кабинеті

Тел. 8(7152)50-22-85

2

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық,кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі»коммналдық мемлекеттік мекемесі

СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка а., Дружба көшесі, 6 үй.

Тел. 8(71544)2-12-06,

8(71544)2-25-85

 

3

«СҚО бойынша Кәсіпкерлер Палатасы» өңірлік филиалы

 Петропав қ.,

 К. Сутюшева көшесі, 60 МФЦ «Квартал», 4 қабат

Тел. 8 (7152) 50-36-15

petropavl@atameken.kz

 

4

Жамбыл ауданының кәсіпкерлер палатасының СКОРИНГ бойынша филиалы

СҚО, Жамбыл ауданы Пресновка а., Дружба көшесі, 1 «А» үй.

Тел. 8(71544)7-90-15

5

«Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚО бойынша өңірлік филиалы

 Петропав қ., Жамбыл көшесі 191

Тел. 55-98-10

6

СҚО бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалы

 Петропав қ., Букетова көшесі 31 А

Тел. 46-51-48

7

СҚО бойынша «КазАгроФинанс»АҚ Филиалы

Петропав қ., Букетова көшесі 31 А,

Тел. 63-10-30,

63-10-33

8

 СҚО бойынша «Аграрная кредитная корпорация»АҚ Филиалы

Петропав қ., Букетова көшесі 31 А үй


Тел. 55-97-26

9

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ

Петропав қ., Н.Назарбаев көшесі 69


Тел. 50-08-30,

50-27-16

 

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
14 октября 2026
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы