2023 жылғы қаңтар — қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11749,5 млн. теңгені құрады, НКИ — 104,1%.
Негізгі көлем жеке инвестицияларға 10115,9 млн. теңге немесе 95,2% келеді. Бюджеттік инвестициялар көлемі 1633,6 млн. теңгені құрады. Ауданның облыстық көлемдегі үлесі 3,5% — құрады.
Ең үлкен инвестициялық салымдар ауыл шаруашылығы саласына тиесілі — 9094,5 млн. теңге немесе (77,4%), осы саладағы инвестициялардың негізгі көлемі ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сатып алған жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарынан тұрады; өнеркәсіп — 820,3 млн. теңге (7%), Көлік және қоймалау — 402,3 млн. теңге (3,4%), мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру — 799,1 млн. теңге (6,8%), өзгелері (5,4%).
Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың жалпы көлеміндегі меншікті қаражаттың үлесі 4451,7 млн.теңгені (37,9%), басқа қарыз қаражатының үлесі 5664,1 млн. теңгені (48,2%), бюджет қаражаты 1633,7 млн. теңгені (13,9%) құрайды.