Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес енгізілген өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 67 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жергілікті атқарушы органдар келесі жұмыстарды жүргізді.
Бақылау шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 3 бақылау іс-шаралары өткізілді.
Нысандар саны 3 (ЖАО-3, ведомстволық бағынысты ұйым -0). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің аумақтық бөлімшесімен бірлесіп жүргізіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
2023 жылдың 2 - тоқсанында барлығы 1325 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 139 қызмет көрсетілді;
- электрондық түрде - 1186 (көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 382 қызмет; көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілген (үшін «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 75 қызмет; электрондық үкімет порталы арқылы-729 қызмет).
Қағаз түріндегі бас тарту саны - 15 құрады.