Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес енгізілген өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 67 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жергілікті атқарушы органдар келесі жұмыстарды жүргізді.
Бақылау шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 6 бақылау шарасы өткізілді.
Нысандар саны 6 (ЖАО-5, ведомстволық бағынысты ұйым -1). Тексеру іс-шаралары барысында заң бұзушылықтың 7 фактісі анықталды, оның ішінде 7 басқа бұзушылықтар фактісі (біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы, ақпараттық стендтердің уақтылы жаңартылмауы).
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің аумақтық бөлімшесімен бірлесіп жүргізіледі. 11 ұсыныс әзірленді, барлық ұсыныстар орындалды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
2023 жылдың 1 тоқсанында барлығы 1547 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы-140 қызмет көрсетілді;
- электрондық түрде - 1407 (көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 641 қызмет; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген (үшін «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 35 қызмет; электрондық үкімет порталы арқылы-731 қызмет).
Қағаз түріндегі бас тарту саны - 14 құрады.