Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау объектілерін сату

 

Жамбыл ауданының аумағында 42 елді мекен бар, оның ішінде: сумен қамтамасыз етілген 42.

Оның ішінде

Есіл топтық су құбыры-6 елді мекен.

Пресновка топтық су құбыры-10 елді мекен.

Бұталы ұңғымалық су қабылдағыштар - 17 елді мекен.

Жергілікті ұңғымалық су қабылдағыштар-9 елді мекен.

 

Тарату желілері:

Пресновка ауылы - 18,8 км, Благовещенка ауылы – 4,74 км, Қайранкөл ауылы-2,8 км, Сенжарка ауылы-0,5 км, Кладбинка ауылы – 1,7 км, Троицкое ауылы-4,9 км.

 

Ауданның елді мекендеріндегі тұрғындар мен ұйымдар үшін сумен жабдықтау қызметтерін 2017 жылдың шілде айына дейін "Жамбыл су"шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны көрсетті. 2017 жылғы 24 шілдеден бастап сенімгерлік басқару шартының негізінде ауданның елді мекендеріндегі халық пен ұйымдар үшін сумен жабдықтау қызметтерін "Дания 2014" ЖШС көрсетеді. 2017 жылғы 31 тамыздағы №51-НҚ бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тіркелімінің "тарату желілері бойынша су беру"реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша жергілікті бөліміне енгізілген. "Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"КММ сумен жабдықтау объектілерінің теңгерім ұстаушысы болып табылады.

Халық құдықтар мен ұңғымалардан - Баян, Айтуар, Қарағаш , Хоукребинка, Симаки және Ольговкадан суды пайдаланатын 6 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген күйінде қалып отыр.

Ағымдағы уақыт кезеңінде аудан орталығындағы су құбырының тарату желілеріне 1400-ден астам үй иелері мен 70 ұйымдар мен кәсіпорындар қосылған.

 

2025 жылға арналған жоспар.

Первомай ауылдық округінің Буденный ауылының су құбырының тарату желілеріне ЖСҚ дайындау жоспарлануда. 2025 жылға ұзындығы 7,2 км Буденное ауылында су құбырының тарату желілерін жөндеу.

Жамбыл ауылдық округіне 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы сыртқы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге 5 млн 154 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. МЗ порталында сатып алу жарияланды. Өтінімдерді қарау мерзімі 13 қыркүйекке дейін.

СҚО Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл-Қараағаш ауылдары арасында су құбыры желісін ағымдағы жөндеуге ЖСҚ бар. Жобаның құны-27 997,756 мың теңге және СҚО Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы су құбырының тарату желілерін ағымдағы жөндеу. Жобаның құны - 19 310,209 мың теңге.

Майбалық ауылдық округі Святодуховка, Сәбит, Жаңажол ауылдары сумен қамтамасыз етілді, Ольговка ауылында құдықты су бар. 2025 жылға арналған жобалар мен жоспарлар жоқ.

Пресноредуть ауылдық округінде санация әдісімен су құбырын жүргізу үшін, одан әрі тұрғын үйлерді қосып, жинақтағыш үшін 50 текше сыйымдылықты орната отырып, құдықтарды тазартуға смета бар.

Дата публикации
05 июня 2025