2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар бойынша күнтізбелік жоспар

Жамбыл аудандық

сайлау комиссиясының

2021 жылдың 25 маусымындағы

№ 6/03 қаулысына қосымша

 

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар бойынша күнтізбелік жоспар

 

 1. Ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі-әкімдер) сайлауын тағайындау

 

Жамбыл ауданының сайлау комиссиясы

2021 жыл 25 маусым

(2,3т. 113-1б.)

2. Сайлау округтерінің шекараларын және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, олардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей

 (22-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей

                                                                               (4т.13б.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2021 жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей

(4т.13б.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жамбыл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

2021 жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей

                                                                              (5т.23б.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылдың 26 маусымында басталады және 2021 жылдың 9 шілдесінде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(1т.113-3бб.)

7. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

(4б.,2тт.) 11 т. 113-5 б.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (8-1тт.) 14б., 31б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметі қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(7т. 113-4б.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(3т.113-5б.)

12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2021 жылдың 1 маусымына) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

(п. 3 ст. 113-5)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(4т. ст.113-5б.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы  

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2021 жылдың 26 маусымында басталып, 2021 жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы  

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жамбыл ауданының әкімдігі және Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылдың 14 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден кейін басталады және 2021 жылдың 24 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жамбыл ауданының әкімдігі және Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы   

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Жамбыл ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылдың 4 шілдесінен кешіктірмей

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін, сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылдың 9 шілдесінен кешіктірмей

 

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылдың 14 шілдесінен кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы  

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылдың 22 шілдесінен ерте емес және 2021 жылдың 24 шілдесінен кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылдың 25 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

                                                                     (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2021 жылдың 25 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                                     (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады  

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                          (43-б. 8-т.)

27. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну                    

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы  

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей

 (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылдың 28 шілдесінен кешіктірмей

 (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2021 жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар бойынша күнтізбелік жоспар
Дата публикации
26 июня 2021