2026 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ТАЛДАМАЛЫ АНЫҚТАМА
"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің 2026 жылғы 1 тоқсандағы көрсетілген қызметтердің саны туралы ұсынған есебі негізінде.
Барлығы 2026 жылдың 1 тоқсаны ішінде мемлекеттік қызметтер ақылы негізде ұсынылмады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығы "департаментінің Жамбыл ауданының бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге 2 өтініш келіп түсті, өтініштің 1-і заңды тұлға, 1-і жеке тұлға
"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы жеке тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" 1 өтініш түсті
Электрондық нысанда "Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы 24 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:
Салымшының ақшалай қаражатының түсуі және қозғалысы бойынша үзінді – 2
ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу – 2,
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысын ескере отырып) жай – күйі туралы ақпарат беру-3,
Медициналық ұйымға тіркелу-1
ЭЦҚ қашықтан алу -21,
ЭЦҚ - 1 кілттерін қайта шығару
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, регламенттер, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат бөлімнің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңына, бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2026 жылдың 1 тоқсаны ішінде 1 қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы тіркелді.
2026 жылдың 1 тоқсанында 3 түсіндіру шарасы өткізілді
2026 жылғы 27 қаңтарда Мемлекеттік қызметтер саласында "Ашық есік күні" өткізілді
2026 жылғы 18 ақпанда Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2026 жылдың 27 наурызында Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік порталмен жұмыс бойынша семинар өткізілді "eGov.kz".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша апта сайын тегін курстар өткізіледі. 1 тоқсанға барлығы 21 адам "электрондық үкімет" порталын пайдалану дағдыларына оқытылды.
Тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылады, оның ішінде digital agent бойынша ауылдық округ әкімінің және фейсбуктің сайттарында орналастырылған.
2026 жылдың 1 тоқсанында а/о тұрғындары арасында 40 дана брошюра таратылды.
2026 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Жамбыл
ауылдық округі әкімінің м.а. Ж. Бралин