баспасөз-хабарлама
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы, 113-бабының 6-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Жамбыл ауылдық округінің бюджетін нақтылаудың көздері:
2026 жылғы 1 қаңтарға белгіленген бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтару, бюджеттік алып қоюлар.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Жамбыл ауылдық округі әкімінің м.а Ж.Бралин