|
ЖОБА
|
«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 47 863 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 293 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 43 570 мың теңге;
2) шығындар – 48 083,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерді сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -220,6 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 220,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 220,6 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2026 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Ауылдық округтің бюджетінде 2026 жылға арналған жоғары тұрған бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлар 220,1 мың теңге сомасында көзделсін.».
көрсетілген шешімнің 1,2,3-қосымшасы, осы шешімнің 1,2,3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.
|
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |