пресс-релиз
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Жамбыл ауылдық округінің бюджетін нақтылаудың көздері:
бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді көбейту және азайту.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Н.Тұрсынбаев