Шешім

 

 

 

 

ЖОБА

 

2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 37 026 мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 2 794 мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 33 232 мың теңге;         

2) шығындар – 37 026 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

          бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;             

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:          

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;        

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

бірыңғай жер салығынан;

 тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

 өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;

жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:

 ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістерден;

ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. Ауылдық округ бюджетінен бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналар болып табылады:

 ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;

жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 33 232 мың теңге сомасында субвенция бюджетте ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін.
  3. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін.

Аудандық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданыЖамбыл ауылдық округі әкімінің 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл ауданы

мәслихатының төрайымы

 

 

Л. Топорова

 

 

 

 

Дата публикации
30 октября 2025