|
ЖОБА
|
«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 65 634,1 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 669 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 61 965,1 мың теңге;
2) шығындар – 65 753,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -119,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 119,4 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 119,4 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін, оның ішінде:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы су құбырының таратушы желілерін ағымдағы жөндеуге.
Облыстық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Ауылдық округ бюджеттің шығыстары 2025 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2024 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтару есебінен осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.
|
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |