Пресс-релиз

«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешім жобасына баспасөз - хабарламасы

 Осы  нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі  Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің  91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы  Заңының  6  бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының  2016 жылғы  6 сәуірдегі  Заңының  27 бабына негізделген болып келеді.

 Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты -  мемлекеттік органдардың және  ведомствоға қарасты олардың мекемелерінің міндеттерін  жүзеге асыру,  ауданның  әлеуметтік-экономикалық  даму бағдарламасын  орындалуын қаржылай қамтамасыз ету.

Ауылдық округі бюджеттің нақтылау көздері:

  1. Ауылдық округі меншікті кірістері;
  2. Аудандық бюджеттен жәрдем ақшалар.
  3. Республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.
  4. Аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Шешім жобасы ашық НҚА бөлігіндегі «Электрондық Үкімет» парталына  орналастырылды.

    Жамбыл ауылдық округі әкімі                                     Н.Тұрсынбаев

Дата публикации
06 мая 2025